Жарияланған күні: 26.10.2020 10:49
Өзгертілген күні: 26.10.2020 10:50

Қазақстан Республикасының «Кәсіпкерлік кодексінің» (бұдан әрі - Кодекс) 30-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары немесе оралмандар Қазақстан Республикасының аумағында жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге құқылы.
Сонымен бірге, Кодекстің 1-бабының 3-тармағында сәйкес егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодексте көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады деп белгілгенді.

Сонымен, Беларусь Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы арасында жасалған (Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған) «Басқа мемлекеттің аумағында тұрақты тұратын бір мемлекет азаматтарының құқықтық мәртебесі туралы» 1998 жылғы 28 сәуірдегі Келісім (бұдан әрі - Келісім). 2007 жылғы 3 шілдеде күшіне енген 1999 жылғы 30 желтоқсандағы № 20-II) тұрақты тұрғын осы Келісімде және конституцияларда белгіленген ерекшеліктерден басқа тұру тарапының азаматтарымен бірдей құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады және бірдей міндеттер жүктейді деп көздейді.

Сонымен, Қазақстан Республикасының азаматтарынан және оралмандардан басқа, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұру құқығына ие Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Тәжікстан Республикасының, сондай-ақ Қырғыз Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқылы.​

‼️ Сонымен қатар осы қызметті Kaspi.kz қосымшасынан таңдап, сауалнаманы толтырып, Kaspi ЭСҚ көмегімен қол қою жеткілікті.