Жарияланған күні: 23.05.2018 10:03
Өзгертілген күні: 23.05.2018 10:04

Салықтық мониторинг

129-бап салықтық мониторгинг туралы жалпы ережелер қарастырылуда. Салықтық мониторинг 2 бөліктен: ірі салық төлеушілер мониторингінен деңгейлес мониторингтен тұрады.

130-бабымен іріктеудің критерийлері қайта қаралған және ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту тәртібі регламенттелген. Сондай-ақ, тізбеге енгізу үшін салық төлеушілерді іріктеу көрсетілген тізбе қолданысқа енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша ұсынылған салықтық есептілік деректерінің негізінде іске асырады. Тізбе Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің бұйрығымен бекітеді.

Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту тәртібі регламенттелген және іріктеу критериялары 130-бапта  қарастырылған. Бөлігінде,  

131 және 133-баптарымен салықтық бақылаудың жаңа нысаны енгізіледі - деңгейлес мониторинг уәкілетті орган мен салық төлеуші арасында ақпарат және құжаттар алмасуды көздейді, ол мынадай:

ынтымақтастық;

негізделген сенім;

заңдылық;

айқындық;

кеңейтілген ақпараттық өзара іс-қимыл жасау қағидаттарына негізделеді.

Деңгейлес мониторинг туралы келісімнің нысанын уәкілетті орган белгілейді.

Осы рәсім шеңберінде салық төлеушілер (бастапқы кезеңде – ірі саңынан) өз есептік құжаттамаға салық органдардың лауазымды тұлғаларға ашық қатынауды ерікті негізінде ұсынатынын ұйғарылады. Салық заңнамасын бұзу қауібін айқындап білу кезінде салық органдардың лауазымды тұлғалар оларды жою бойынша ұсынымдарды жасайды және салық төлеушіге тапсырады.

Сондай ұсынымдарды орындау кезінде салық төлеушіге айыппұл ықпал шаралары қолданбайды және салық тексерулер жүргізілмейді (жеке жағдайлары қоспағанда).

Бұдан басқа, осындай салық төлеушілерге қосымша құн салығын (90% дейі) автоматты қайтару және салық есептің қысқартылған санын ұсыну қолданады.

Көрсетілген баптар 2019 жылғы 1 қаңтардан кейін қолданысқа енгізіледі.

134 және 135-баптармен 2019 жылғы 1 қаңтардан кейін «алдын ала түсіндірме» енгізіледі. Осы түсіндірменің түрі деңгейлес мониторингте тұрған немесе инвестициялық басым жобаны іске асыратын салық төлеушілерге беріледі. Осы түсіндірменің шеңберінде жоспаланатын келісімдерге қатысты салық заңнамасын пайдалану бойынша мемлекеттік кірістер органдардың ұстанымын көрсету жоспарланады. Егер кейінгі мемлекеттік кірістер органдардың ұстанымы алдын ала түсіндірмеде баяндалған ұстанымынан айырмашылығы болса, салық төлеушіге айыппұл ықпал шаралары қолданбайды.