Жарияланған күні: 25.04.2019 12:57
Өзгертілген күні: 25.04.2019 14:25

БКМ есепке қою, тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу, есептен шығару бойынша өзгерістер туралы

2019 ж. 2 сәуірдегі № 241-VІ ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң) Салық кодексіне бақылау-касса машиналарын қолдану бөлігінде қосышыға сәйкес өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.

Яғни, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын (ДБФ БКМ) мемлекеттік кірістер органдарында есепке қою, тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу, есептен шығару талабы өзгерді.

 Осылайша, Салық кодексінің 167, 168, 169 баптарымен көзделген ДБФ БКМ мемлекеттік кірістер органдарында есепке қою, тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу, есептен шығару күшіне енген Заңға сәйкес фискалды деректердің операторы мәліметі негізінде жүргізіледі.

Сонымен қатар, бизнес-процесстерді тиімдеу мақсатында «Бақылау-касса машиналарын (БКМ) есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік қызметін көрсету барысында, ДБФ БКМ есепке қою / өзгерістер енгізу / есептен шығару мемлекеттік кірістер органдарымен фискалды деректердің операторы мәліметі негізінде автоматты түрде «Біріктірілген салықтық ақпараттық жүйе» (БСАЖ) АЖ-ні «Фискалды деректердің операторы» (ФДО) АЖ-мен біріктіріп әрекеттесу жолымен «Электрондық Үкімет» шлюзі арқылы жүргізілетін болады.

            Осыған байланысты, салық төлеушілерге ДБФ БКМ есепке қою / өзгерістер енгізу / есептен шығару үшін, ДБФ БКМ бойынша мәліметті мемлекеттік кірістер органына ФДО сайты www.oofd.kz арқылы жолдау қажет.

          БСАЖ АЖ өз кезегінде, ДБФ БКМ мәліметтерін тексергеннен кейін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін, яғни, БКМ тіркеу карточкасын ФДО сайты арқылы ұсынады.

          Тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету барысындағы (тауарлардың қозғалысын бақылау) ДБФ БКМ мәліметтеріне камералдық бақылау жүргізу мақсатында, БКМ чегінде қамтылатын ақпараттар кеңейтіліп, атап айтқанда, келесі мазмұнмен толықтырылды:

          7) бір данаға тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы;

            10) тауар, жұмыс, көрсетілетін қызметтің атауы;

            11) тауар, жұмыс, көрсетілетін қызметтің салы, өлшем бірлігі;

            12) өткізілген тауардың, орындалған жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жалпы сомасы;

            13) қосылған құн салығы, тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету бойынша салық салынатын айналымы бойынша ҚҚС мөлшерлемесін көрсетумен – салық төлеуші ҚҚС төлеушісі болып табылған жағдайда;

            14) бақылау-касса машинасын пайдалану жерінің адресі;

            15) кодталған түрінде бақылау-касса машинасының чегі туралы ақпаратта бар штрихты код.

          Бұл ретте, жоғарыда көрсетілген 9) және 15) тармақшаларының ережелері деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарына таралмайды.

          Жоғарыда көрсетілген БКМ чегінің мазмұнына толықтыруларды қосу үшін, салық төлеушілерге дербес тауар, жұмыс, көрсетілетін қызметтің атауының тізбесін құрастырып, БКМ техникалық қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет.

          БКМ чегінде штрихты кодтың көрсетілуі ФДО-дан ДБФ БКМ-ға автоматты түрде кодты беру жолымен жүргізіледі.

          Тауар, жұмыс, көрсетілетін қызметтің бірыңғай номенклатурасының белгіленбегенін қосымша хабарлаймыз.

          Одан басқа, БКМ техникалық қызмет көрсету орталығымен БКМ чегінің жоғарыда көрсетілген толықтырылған мазмұндарын дербес енгізу бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулығы дайындалады.

          Бұл ретте, БКМ Мемлекеттік тізіміне енгізілген БКМ барлық модельдері чектің толықтырылған мазмұнын көрсетуді қолдайды, осылайша, салық төлеушілерге БКМ ауыстыру қажет емес.

          Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 284-бабының 7-тармағына сәйкес, БКМ чегіндегі толықтырылған мазмұндарды көрсетпеу бойынша әкімшілік шара қарастырылмағанына назар аударамыз.