Жарияланған күні: 01.06.2015 10:31
Өзгертілген күні: 01.06.2015 10:37

Кедендік операцияларды жүргізу барысында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының жаңартылған кодексіне сәйкес, мемлекеттік кірістер органдары болып табылатын кеден органдарының негізгі міндеттерінің бірі өз құзыреті шеңберінде Кеден одағының кедендік аумағында зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Бұл ретте, зияткерлік меншік  объектілерінің (бұдан әрі – ЗМО) кедендік тізіліміне және  Кеден одағынамүше мемлекеттердің ЗМО бірыңғай кедендік тізіліміне енгізілген, сондай-ақ осындай кедендік тізілімдерге енгізілмеген зияткерлік меншік объектілеріне (тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауарлардың шыққан жері орындарының атаулары) қатысты құқықтарды қорғау бойынша шаралар қабылданады.

Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша кеден органдарының негізгі шарасы ЗМО бар тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру болып табылады.

Мысалы, тауарларды кедендік тазарту кезінде зияткерлік меншік құқықтарының бұзылу белгілері анықталған жағдайда, декларант немесе құқық иеленушіні (өкілі) хабардар ету арқылы мұндай тауарлардың шығарылуын 10 жұмыс күнге тоқтатылады. Аталған мерзім 10 күннен аспайтын мерзімге тек қана құқық  иеленушінің (өкілінің) сұрау салуы бойынша ұзартылады.

Зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығару – құқық иеленушінің өзінің зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарын қорғау туралы Қазақстан Республикасының тиісті құзырлы мемлекеттік органына немесе сотқа жүгінуін жоққа шығармайды.

Кеден органдары зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі шараларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы:

      1) жеке тұлғалар жеке пайдалану үшін, оның ішінде олардың атына халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберілетін;

      2) кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес;

      3) дипломатиялық өкілдіктер, консулдық мекемелер, шет мемлекеттердің өзге де ресми өкілдіктері, халықаралық ұйымдар, осы өкілдіктердің, мекемелер мен ұйымдардың персоналы ресми және жеке пайдалану үшін өткізетін тауарларға қатысты қолданылмайтынын ескерген жөн.

 

 

Тарифтік емес реттеу шаралары. Тыйым салулар мен шектеулер.

Тарифтік емес реттеу шаралары – Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, Комиссияның шешімдерінде және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген сандық және экономикалық сипаттағы өзге де тыйым салу мен шектеулерді енгізу жолымен жүзеге асырылатын тауарлармен сыртқы сауданы реттеу шараларының кешені.

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу тыйым салулар мен шектеулерді қатаң сақтау жолымен жүргізіледі.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а.  2015 жылғы 9 қаңтардағы №4 бұйрығымен «Қазақстан Республикасының аумағынан қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынды

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрлігінің 2015 жылғы 9 қаңтардағы №5 бұйрығымен «Қазақстан Республикасының аумағынан өңделмеген бағалы металдарды, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынды.

Аталған бұйрықтар, 2015 жылдың 1 наурызынан бастап қолданысқа енгізілген.