Жарияланған күні: 04.05.2018 16:52
Өзгертілген күні: 04.05.2018 16:54

Қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС), (367-459-баптары)

372-баппен келесі ережелер көзделген, егер:

- Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттары және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі туралы заңнамасының ережелерімен белгіленген шығындар және залалдар бойынша бюджеттік субсидия алу кезінде;

- қайта жаңартылатын қуат көздерін қолданатын субъекттерге қуат беруші ұйымдармен қуат беру бойынша ақысыз қызмет көрсету кезінде;

- Дауыс беруші акцияларының 100 пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (ТҚҚ) тиесілі тұрақтылық ұйымымының талап құқығы және мүлкін, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі (ПҚҚ) болып табылатын, екінші деңдейдегі банктердің несиелік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйыммен берілген кезінде өткізу бойынша айналым пайда болмайды.

379-баппен өткізу бойынша айналымды жасау күні анықтау бойынша келесі толықтырулар көзделген:

тауарды тауарға билік ету құжаттары бойынша өткізген жағдайда, осындай тауарды идентификациялаумен (нақты тауарды көрсету арқылы картасы немесе талоны), өткізу бойынша айналымды жасау күні болып тауарды іс жүзінде сатып алушыға беру күні табылады;

кепіл берушімен кепілге берілген мүлікті беру кезінде айналымды жасау күні – кепілге берілген мүлікке өндіріске айналдыру процессінде өткізілген, кепілге берілген мүлікке меншік құқығының кепіл берушіден сауда жеңімпазына, немесе кепіл ұстаушыға өту күні ретінде анықталады.

Бейрезидентпен көрсетілген  және орындалған жұмыстар мен қызметтерді ҚҚС төлеушінің айналым ретінде мойындау кезінде, айналымды жасау күні болып – келесі мерзімдер табылады:

  • көрсетілген  қызметтер және орындалған жұмыстар актісін алушымен (сатып алушы) және  жеткізіп берушімен (сатушы) қол қою күні;
  • бейрезиденттен жұмыстар, қызметтер алу бойынша шығыстарды бухесепте мойындау күні - жұмыстар, қызметтер алу фактісін растайтын өзге құжаттың бар болған кезінде.

ҚҚС бойынша тіркеу есебінен алу кезінде орындау  күні ретінде:

  • ҚҚС төлеуші ҚҚС бойынша тарату декларациясын берген күннен бұрынғы күн;
  • салық органының ҚҚС бойынша тіркеу есебінен алу күнінен бұрынғы күн анықталады.

394-баппен бірқатар ҚҚС бойынша жеңілдіктер жойылды. Осылайша, ҚҚС-тан босатуға жатпайды:

  • мембаж салығы салынатын уәкілетті меморгандармен көрсетілетін қызметтер;
  • ұтымсыз ойын автоматтардың, жеке компьютерлердің, ойын жолдарының, картинг, бильярд үстелінің қызметтері;
  • мемлекеттік пошта төлеу белгілерін өткізу;
  • пошта маркаларынының импорты (коллекциялықтан өзгесі);
  • лотерей билеттерін өткізу;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қажеттіліктер үшін алынған мүлкін;
  • аффинирленген бағалы металлдарды өткізу – бұл алтын, платина, өз шикізатынан жасалған;
  • нотариустардың, адвокаттардың қызметтері;
  • құмар ойындарын және пари жасау бойынша қызметтер (2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылады).

Аталған баппен ҚҚ бойынша «жаңа» жеңілдіктер көзделген. Бұл ретте, ҚҚС-тан келесілер босатылады:

  • екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым осы Кодекстің 292-бабында көзделген қызмет түрлері бойынша өткізетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;

- мемлекеттік тапсырманы жүзеге асыруға арналған шарттар негізінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары көрсететін қызметтерді;

- "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы" арнайы экономикалық аймағының аумағында өткізілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;

- нақты шарттады сақтаған жағдайда, қор биржасында жасалған мәміле негізінде құймалар мен тілімдер түріндегі инвестициялық алтынды өткізу кезінде;

- фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді Әлеуметтік медициналық кепілдендіру қорына өткізу кезінде.

Сонымен бірге осы баптың 38) тармақшасында көлік құралдарын және ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілері үшін арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде көлік құралдарын және ауыл шаруашылығы техникасын өткізу кезінде ҚҚС-тан босату көзделген:

- көлік құралдарының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрамына Салық кодексінің 399-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына немесе 451-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ҚҚС босатылатын бұрын әкелінген  шикізат және (немесе) материалдар кіреді.

- әкелген  шикізат және (немесе) материалдар осындай көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрамына кіретін көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізетін заңды тұлғамен жүзеге асырылған;

- ҚР Ұлттық экономика министрлігімен келісу бойынша Инвестициялар және даму министрлігімен бекітілген көлік көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасы құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасының тізбесіне енгізілген.

399 және 451-баптарымен шарттарды сақтау кезінде ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен жасалған арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырған шикізат және материалдар импорты ҚҚС-тан босатылады деп белгіленген:

индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан көлік құралдарын өндіруші;

ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші.

Бұл ретте, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілер үшін импортқа осы ҚҚС босатуды қолдану үшін индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім  бар болуы қажет.

398-баппен көлік құралдарын және ауыл шаруашылығы техникасын қаржы лизингіне беру кезінде ҚҚС-тан босату көзделген, егер осындай техника Салық кодексінің 399-бабы 15)-тармақшасына немесе Салық кодексінің 451-бабы 4)-тармақшасына сәйкес ҚҚС-сыз сатып алынса.

399-баппен нақты шарттарды сақтаған жағдайда арнайы инвестициялық келісімшарт жасасқан АЭА қатысушыларына және бос қоймалар иелеріне АЭА немесе бос қоймалар аумағында өндірілген дайын продукцияның құрамында импортты ҚҚС-тан босату құқығы көзделген.

Нақты шарттарды сақтаған жағдайда бағалы металлдары бар өңделмеген бағалы металлдар, сынық және бағалы металлдар және шикізат тауарлар қалдықтары импортын ҚҚС-тан босату көзделген.

402-баппен болмауы немесе дұрыс көрсетілмегендігі салдарынан есепке жатқызудан ҚҚС сомасын алып тастау негізі болуы мүмкін деректемелер белгіленген:

  • жеткізіп берушінің немесе сатып алушының ЖСН/БСН;
  • жазып беру күні;
  • нөмірі;
  • тауарлар, жұмыстар, қызметтер атаулары;
  • салық салынатын айналым мөлшері;
  • куәландырылмаған шот-фактура.

Сонымен бірге, ҚҚС төлеушісі Салық кодексінің талаптарына қайшы келетін қағаз жеткізгіште жазылып берілген шот-фактура бойынша ҚҚС сомасын есепке жатқызуға құқығы жоқ деп белгіленген.

408 және 409-баптарымен есепке жатқызуға рұқсат етілген және рұқсат етілмеген ҚҚС сомасын анықтау үшін есептеу формулалары көзделген.

411-баппен ҚҚС бойынша қосымша есепке алуды қолдану көзделген. Осы бап сонымен бірге өзге қызмет түрінің болған кезінде қосымша есепке алу есеп айырысу және бөлек есеп жүргізу тәртібі көзделген.

412-баппен:

  1. Электронды түрде міндетті шот-фактура жазып беруге кезең-кезеңмен өту (Қолданысқа енгізу туралы Заңның 37-бабымен көзделген). Солайша, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап электронды түрде шот-фактура жазып беруге келесілер міндетті:
  • Алып тастау тізіліміне енгізілген тауарларды ҚР-дан шығаруды немесе өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушілер;
  • уәкілетті экономикалық операторлар, кедендік өкілдер, кедендік тасымалдаушылар, уақытша сақтау қоймаларының иелері және кедендік қоймалар иелері;
  • салықтық мониторингілеуге жататын салық төлеушілер.

- халықаралық жүк тасымалдауды жүзеге асырушы салық төлеушілер.

- 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап аталған санаттардан бөлек электронды түрде шот-фактура жазып беруге келесілер міндеттеледі:

- Салық кодексінің 415 және 416-баптарында көзделген жағдайларда, ҚҚС төлеушілер болып табылмайтын экспедиторлар мен комиссионерлер

- импортталған тауарларды өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушілер;

- ҚҚС төлеушілері.

2. Қаржы лизингі бойынша шот-фактура жазып беру тәртібі бөлігінде өзгеріс көзделген. Егер бұрын лизинг беруші лизинг пәніне лизинг пәнінің толық сомасына 1 шот-фактура жазып берсе, енді лизинг мерзімі бойынша әрбір кезеңдік лизинг төлемі үшін жазып береді.

413-баппен шот-фактура жазып беру мерзімдері белгіленген. Жазып беру нысанына тәуелсіз (электронды нысандағы шот-фактура немесе қағаз жеткізгіште) айналым жасаған күннен 15 күнтізбелік күннен кешіктірмей және айналым жасау күнінен ерте жазып берілмеуі тиіс, шот-фактура жазып беру мерзімі унификацияланған.

Соған ұқсас ЕАЭҚ (үшінші мемлекеттер) мүшелері болып табылмайтын мемлкеттерге тауарларды экспорттау кезінде де. Шот-фактура айналым жасау күнінен кейін 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей жазып берілуі тиіс.

415-баппен клиент және сыйақы сомасы үшін алынған, клиентке тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша сомасы жазылып берілетін, экспедиторларға шот-фактурада міндетті түрде бөлек жолдармен бөлу талабы алынып тасталған.

424-баппен егер ҚҚС төлеуші салық кезеңі барысында электронды түрде және қағаз жеткізгіште шот-фактуралар жазып берсе және алса, онда шот-фактуралар реестрінде тек қағаз жеткізгіште жазылып берілген шот-фактуралар көрсетіледі.   

ҚҚС қайтару бөлігінде

431-баппен шот-фактураларды жазып беруді және алуды тек электронды түрде жүзеге асыратын экспорттаушыларға қайтару мерзімдері 30 жұмыс күніне дейін қысқартылған, және оны тәуекел аймағына жатқызбау шарты кезінде.

433-баппен 2019 жылдан бастап салық төлеуші ерікті түрде ҚҚС бақылау шотын пайдаланса қайтару мерзімі 15 жқмыс күніне дейін қысқартылған.