Жарияланған күні: 28.04.2018 16:23
Өзгертілген күні: 28.04.2018 16:25

Салықтық тексеру жүргізу тәртібі

Салықтар бойынша аудит жүргізу үшін таратылатын салық төлеушінің ЖЖТ бойынша шегі 150 000 АЕК дейін 60-баппен ұлғайтылды. Бұдан басқа аудиторлық ұйымдармен заңды тұлғаларды тарату немесе дара кәсіпкерлердің қызметін тоқтату кезінде салықтар бойынша аудит жүргізу үшін жағдайлар жақсартылды. Аудиторлық ұйымдарға қатысты салықтыр бойынша аудиторлық қорытындыны дұрыс емес жасағаны үшін лицензиядан айыру түріндегі әкімшілік жауаптылық жойылды.

жеке практикамен (қорғаушылар, жеке нотариаттар, жеке сот орындаушылары, кәсіби медиаторлар) айналысатын жеке тұлғалардың қызметі салықтық тексерулер жүргізусіз (камералдық бақылау негізінде) тоқтатылатын болатындығы 66-баппен белгіленген.

Салықтық тексерулер деп қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы бойынша салықтық міндеттеменің орындалуын қоспағанда (жылжымалы көздерден шығатын ластағыш заттар шығарындылары үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы бойынша салықтық міндеттемеден басқа), салық органы жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, сондай-ақ орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру болып 138-баптың 1-тармағында анықталды.

Салық кодексінің редакциясын жақсарту мақсатында салықтық тексеру түрлері (кешендік, тақырыптық, қарсы және хронометраждық зерттеулер) нысандарға өзгертілді. Салықтық тексерулердің түрлері ішінара салықтық тексеру және жоспардан тыс салықтық тексеру болып белігіленеді. 

Қарсы тексерулердің  санын азайту мақсатында, мемлекеттік кіріс органдарымен  кешенді немесе тақырыптық тексеру жүргізіліп жатқан салық төлеушіден (салық агентімен) операциялар жүргізген тұлғаларға, мемлекеттік кіріс органдарына осындай операциялар бойынша қосымша ақпарат алу мақсатында, сұрау жолдау құқығы берілгендігі 140-баптың 7-тармағында белгіленген. Сұрау жолдау тәртібі мен осындай сұраулар бойынша жауап алу тәртібі уәкілетті органмен бекітілетін болады.

Салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша және (немесе) салық салу объектiсiнің және (немесе) салық салуға байланысты объектiнің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органының шешімінің негізінде хронометраждық зерттеп-қарау немесе тақырыптық (рейдтік) салықтық тексерулер тағайындау 145-баптың 5-тармағымен, 143-баптың 2-тармағымен, 144-баптың 2-тармағымен анықталды, сонымен бірге қарсы тексеру тағайындау нормативтік құқықтық актілердің заңының аясында белгіленеді.

Жоспардан тыс салықтық тексерулердің негіздемелері 145-баптың 3-тармағында қарастырылған, бұл ретте жаңа Салық кодексі шегінде осындай негіздемелер 32-ден 12-ге яғни 62% дейін азайған.

Тексерудің стандартты файлын енгізу 150-бап қарастырады.

Салық төлеуші 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап өзінің бухгалтерлік және салықтық есепке алу ақпараттық жүйелері арқылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген нысан бойынша стандартты файлын жүктей алады, және оны салықтық тексеру барысында еркін негізде бере алады.

Тексерушінің осы файлды зерделеуге және кейіннен белгілі бір операцияларға баса назара аударуға, сонымен бірге тексеру жүргізудің нақты мерзімдерін қысқартуға және салық төлеушімен байланысты төмендетуге мүмкіндігі болады.

Салық органының лауазымды адамдарының және салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттерін айқындайтын, жаңа 155 және 156-баптар енгізілген.

Жеткізіп берушілерге, экспортерлерге қарсы тексеру жүргізу 152-баппен жойылды, камеральдық бақылау бұзылған жағдайда ауыстырылады, камеральдық бақылау бойынша хабарлама жіберілетін болады.