Жарияланған күні: 04.05.2018 16:22
Өзгертілген күні: 04.05.2018 16:24

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлік салығы (517-525 баптар)

517-баптың 3-тармағы 2) тармақшасымен орта мектептердің қайта ұйымдастырылуына байланысты, орта білім беретін мемлекеттік оқу орындарын салықты төлеуден босату бойынша жаңа норма қосылды.

ҚР аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру мен өткізу бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға жеңілдік 2020 жылға дейін ұзартылды.