Жарияланған күні: 01.04.2015 17:58
Өзгертілген күні: 01.04.2015 18:01

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушіні қоспағанда, бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын салық төлеуші ақшалай есеп айырысулар арқылы сауда операциялары кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану жөніндегі міндеті туындайтын бөлігінде Салық кодексінің 645-бабының 1 тармағын жүзеге асыру үшін жүргізіліп отырған шаралар шеңберінде келесіні хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №1393 Қауылысымен ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша салық органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін заңды тұлға (бұдан әрі –фискальдық деректер операторы немесе ФДО) ретінде «Қазақтелеком» АҚ айқындалды.

Фискальдық деректер операторы құқығында және салық төлеушілерді ақпарат-консультациялық қолдау үшін  www.oofd.kz  ФДО порталы, сондай ақ (590051 нөмірлі сымтетік – қоңырау соғу тегін бесплатный) Call-орталығы құрылды. ФДО қосымша сымтетік нөмірлері 87172-559056/559057/554983/559078.