Жарияланған күні: 10.11.2020 13:03
Өзгертілген күні: 18.07.2022 18:30

Активтер мен міндеттемелер туралы декларация бойынша

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы «Қазақстан Республикасының Кодексін (Салықкодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI ҚРЗ Заңының 45-1-бабы негізінде Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілді, ол 4 кезеңде өтеді.

Декларация нысаны

«Активтер мен міндеттемелер туралы Декларация» 250.00-нысан.

Активтер мен міндеттемелер туралы Декларацияны кімдер тапсыруға тиісті

2021 жылғы 1-қаңтардан бастап (1-кезең) декларацияны тапсыружылының
 1-қаңтарындағы жағдай бойынша төменде көрсетілген тұлғалар тапсырады:

- жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғалар және олардың жұбайлары;

- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғалар және олардың жұбайлары;

- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға теңестірілген тұлғалармен олардың жұбайлары;

- «Қазақстан Республикасындағы сайлаутуралы» Конституциялық ҚРЗ және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимылтуралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметітуралы»,«сақтандыру қызметітуралы»,«Бағалы қағаздар нарығы туралы» ҚРЗ сәйкес ұсыну міндеті жүктелген тұлғалар.

2023 жылғы1-қаңтардан бастап (2-кезең) декларацияны тапсыру жылының
 1-қаңтарындағы жағдай бойынша төменде көрсетілген тұлғалар тапсырады:

- Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайлары,

- квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері және олардың жұбайлары.

2024 жылғы1-қаңтардан бастап (3-кезең) декларацияны тапсыру жылының 1-қаңтарындағы жағдай бойынша төменде көрсетілген тұлғалар тапсырады:

 - заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары;

- жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары.

2025 жылғы 1 - қаңтардан бастап (4 кезең) декларация халықтың қалған санаттарымен ұсынылады.

 

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыс ету мерзімі:

  1. 1-кезеңде декларациялауға жататын санаттар үшін

Қағаз тасығышта - декларацияны тапсыру 2021 жылғы 15-шілдеден кешіктірмей;

Электронды түрде - декларацияны тапсыру 2021 жылғы 15-қыркүйектен кешіктірмей.

  1. 2-кезеңде декларациялауға жататын санаттар үшін:

Қағаз тасығышта-2023 жылғы 15-шілдеден кешіктірмей;

Электронды түрде-2023 жылғы 15- ыркүйектен кешіктірмей.

  1. 3-кезеңде декларациялауға жататын санаттар үшін:

Қағаз тасығышта-2024 жылғы 15-шілдеден кешіктірмей;

Электронды түрде-2024 жылғы 15-қыркүйектен кешіктірмей.

  1. 4-кезеңде декларациялауға жататын санаттар үшін:

Қағаз тасығышта-2025 жылғы 15-шілдеден кешіктірмей;

Электронды түрде-2025 жылғы 15-қыркүйектен кешіктірмей.

 

*Мемлекеттік лауазымға немесе оған теңестірілген функцияларды орындау мен байланысты лауазымға үміткерлер және олардың жұбайлары үшін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл туралы» Заңның 11-бабы 2-тармағы 2-тармақшасына сәйкес декларацияны табысету мерзімі – лауазымға тағайындауға құқығы бар лауазымды адамның (органның) лауазымға тағайындау туралы актісі шығарылғанға дейін (декларация табыс етілген айдың бірінші күніндег іжағдай бойынша) тапсырылуға тиісті.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыс ету тәсілдері:

Электронды түрде - «Салық төлеушінің кабинеті» мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы арқылы (cabinet.salyk.kz), «Электронды үкімет» порталы (egov.kz), сондай-ақ e-Salyq Аzamat мобильді қосымшасы арқылы.

Қағаз жеткізгіште - мемлекеттік кірістер органдарына келу тәртібімен немесе тапсырыс хатпен пошты арқылы жіберіледі

Активтер мен міндеттемелер туралы Декларацияны қайдатапсыру қажет

Жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлерді және жеке практикамен айналысатын адамдарды қоспағанда, мысалы, мемлекеттік қызметшінің жұбайы (зайыбы) тұрғылықты жері бойынша тапсырады.

Дара кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар декларацияны орналасқан жері бойынша табыс етеді.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда көрсетілетін мәліметтер

Активтер мен міндеттемелер туралы Декларацияда төмендегілер көрсетілуі тиіс:

1. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі мүлік:

  • жылжымайтын мүлік, жер учаскелері және (немесе) жер үлестері, әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзу кемелері, «өзен-теңіз» жүзу кемелері;
  • көлік құралдары, арнайы техника және (немесе) тіркемелер;
  • барлық банк салымдары бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомадағы Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банк шоттарындағы ақша;
  • Қазақстан Республикасынан тыс құрылған заңды тұлғаның жарғылық  капиталына қатысу үлесі.

 

2. ҚазақстанРеспубликасындағы, одан тыс жерлердегі мүлік:

  • тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлес;
  • бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен жүргізілетін туынды қаржы құралдарын қоспағанда);
  • инвестициялық алтын;
  • зияткерлік меншік, Авторлық құқық объектілері;
  • Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация табыс етілген жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен аспайтын сомада көрсетілетін қолма-қол ақша;
  • банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған берешегін қоспағанда, міндеттемелердің немесе талаптардың туындауына негіз болып табылатын нотариат куәландырған (куәландырған) шарт немесе өзге де құжат болған кезде жеке тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешек) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешек);
  • жеке тұлғаның қалауы бойынша осы мүліктің бірлігі үшін баға (құн) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда, бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн болған кезде басқа мүлік көрсетілуі мүмкін. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге жататын мүлік, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге жататын мүлік басқа мүлікке жатпайды.

                  2021 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсырылғаннан кейін 2022 жылдан бастап кірістер мен мүлік туралы декларацияны жыл сайын ұсыну бойынша міндеттеме (270.00-нысан) туындайтын болады.