Жарияланған күні: 11.01.2017 18:05
Өзгертілген күні: 23.05.2018 10:30

Салық кодексінің 207-бабының 3-тармағына сәйкес, жалға алу (пайдалану) шарттарының тізілімін сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын уақытша иеленуге және пайдалануға беретін тұлғалар жасайды.

      Жалға алу (пайдалану) шарттарының тiзiлiмi сауда объектiлерiн, сауда объектiлерiндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретiн салық төлеушiнің тұрған жері бойынша есептi кезеңнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмейтін мерзімде жасалады және салық органына ұсынылады.

         Жалға алу (пайдалану) шарттарының тiзiлiмiнің 871.00 нысанын kgd.gov.kz сайтында «ҚР Заңнамасы / Салық есептілігі нысандары» бөлімінде көруге болады.

«Жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімі (871.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (ҚР ҚМ 12.02.2018 ж. № 166 бұйрығына 65-қосымша)

1-тарау. Жалпы ережелер

 1. Осы «Жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімі (871.00-нысан)» жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретін салық төлеушілер тапсыратын «Жалға беру (пайдалану) шарттары тізілімі» (бұдан әрі – тізілім) салық есептілігінің нысанын жасау тәртібін айқындайды.

2. Тізілім тізілімнің өзінен (871.00-нысан) және Салық кодексінің
206-бабы 2-тармағына сәйкес есепті кезең үшін сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретін салық төлеушілердің жалға беру (пайдалануға) шарттары бойынша мәліметтерді көрсетуге арналған оған қосымшадан (871.01-нысан)  тұрады.

3. Тізілімді толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Сомалардың теріс мәндері тізілімнің тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «–» белгісімен белгіленеді.

5. Көрсеткіштер болмаған кезде тізілімнің тиісті төркөздері толтырылмайды.

6. Тізілімге қосымша тізілімдегі тиісті көрсеткіштерді ашып көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде жасалады.

7. Тізілімге қосымшаның парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда тізілімге қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.

8. Тізілімді жасау кезінде:

1) қағаз жеткізгіште – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық нысанда – Салық кодексінің 208-бабына сәйкес толтырылады.

9. Салық төлеуші (салық агенті) тізілімді Салық кодексінің
204-бабының 2-тармағына сәйкес қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жасайды, қол қояды, (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мөрмен не электрондық цифрлық қолтаңбамен) куәландырады.

10. Тізілімді табыс ету кезінде:

1) келу тәртібінде қағаз жеткізгіште – екі данада жасалады, бір данасы тізілімді қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің атын (болған кезде) мен қойылған қолы және мөрдің (мөртабан) бедері белгісімен салық төлеушіге (салық агентіне) қайтарылады.

2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз жеткізгіште
– салық төлеуші (салық агенті) пошта немесе өзгелей байланыс ұйымының хабарламасын алады;

3) ақпараттарды компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық нысанда – салық төлеуші (салық агенті) мемлекеттік кірістер органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігінің қабылданғаны немесе қабылданбағандығы туралы хабарлама алады.

11. Тізілімге «Салық төлеуші туралы және сауда объектісінің, оның ішінде сауда базары туралы жалпы ақпарат» қосымшаның бөлімінде «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.

 

2-тарау. Тізілімді толтыру бойынша түсіндірме (871.00-нысан)

12. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде:

1) сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретін салық төлеушілердің жеке сәйкестендіру нөмірін (бизнес- сәйкестендіру нөмірін) (бұдан әрі – ЖСН (БСН));

2) салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі);

3) сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретін салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) немесе атауы.

4) Тізілімнің түрі.

Тиісті торкөздер Салық кодексінің 206-бабында көрсетілген салық есептілігі түрлеріне тізілімнің жатқызылуы ескеріле отырып белгіленеді;

5) хабарламаның нөмірі мен күні. А және В торкөздері Салық кодексінің 206-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген хабарлама бойынша тізілімді тапсырған жағдайда толтырылады;

6) валюта коды – «Кеден декларацияларын толтыру үшін пайдаланыталын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының
2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген 23 «Валюта жіктеуіші» қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі;

7) табыс етілген қосымшалардың саны көрсетіледі.

13. «Сауда объектілері, оның ішінде сауда базарлары туралы мәліметтер» бөлімінде:

1) 871.00.001 жолында сауда объектілерінің саны көрсетіледі;

2) 871.00.002 жолында сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға алушылардың жалпы саны көрсетіледі.

А, В және С жолында  «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы
12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (келесіде –Заң) сәйкес сауда қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жалға алушы-жеке тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың саны көрсетіледі.

3) 871.00.003 жолында барлық 871.01 нысаны бойынша L жолының жиынтық сомасы ретінде айқындалатын жалға беру (пайдалану) шартына сәйкес төленуге жататын жалға беру төлемінің сомасы көрсетіледі;

4) 871.00.004 жолында барлық 871.01 нысаны бойынша М жолының жиынтық сомасы ретінде айқындалатын нақты төленген жалға беру төлемінің сомасы көрсетіледі;

5) 871.00.005 жолында барлық 871.01 нысаны бойынша  N жолының жиынтық сомасы ретінде айқындалатын жалға беру (пайдалану) шартына сәйкеc төленуге жататын өтелетін шығыстардың сомасы көрсетіледі;

6) 871.00.006 жолында барлығы 871.01 нысаны бойынша О жолының жиынтық сомасы ретінде айқындалатын нақты төленген өтелетін шығыстар сомасы көрсетіледі.

14. «Салық төлеушінің жауапкершілігі» бөлімінде:

1) «Салық төлеушінің (басшының) тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)» жолында құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі.

Егер тізілімді жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер табыс еткен жағдайда, жолда салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі, онда жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылады.

2) мемлекеттік кірістер органына тізілімді тапсырған күні;

3) салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органының коды;

4) «Тізілімді қабылдаған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)» жолында тізілімді қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі;

5) Салық кодексінің 209-бабы 2-тармағына сәйкес мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы тізілімді қабылданған күні көрсетіледі;

6) мемлекеттік кірістер органы беретін құжаттың кіріс нөмірі;

7) пошта немесе өзге байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.

Осы тармақтың 4), 5), 6), 7) тармақшаларын декларацияны қағаз жеткізгіште қабылдаған мемлекеттік кірістер органының қызметкері толтырады.  

 

3-тарау. 871.01-нысанын толтыру бойынша түсіндірме

15. 871.01- нысаны Салық кодексінің 206-бабы 2-тармағына сәйкес сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретін салық төлеушілердің есепті кезең үшін жалға беру (пайдалануға) шарттары бойынша мынадай мәліметтерді көрсетуге арналған.

Егер салық төлеушіде бірнеше сауда объектілері, оның ішінде сауда базарлары болса, 871.01- нысаны бойынша  қосымша әрбір сауда объекті, оның ішінде сауда базары бойынша жеке толтырылады.

16. «Салық төлеуші туралы және сауда объектісі, оның ішінде сауда базары туралы жалпы ақпарат» бөлімінде:

1) сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретін салық төлеушілердің ЖСН (БСН);

2) салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі);

3) сауда желісінің атауы.

Егер сауда объектісі немесе сауда базары сауда желісіне кірген жағдайда толтырылады;

4) сауда объектісінің атауы;

5) сауда объектісінің санаты – Заңның 1-бабы 16-1 және 16-2 тармақшаларына сәйкес сәйкесінше торкөздер көрсетіледі;

6) жалпы алаңы, шаршы метрде;

7) сауда алаңы, шаршы метрде;

8) жалға беруге арналған сауда орындарының саны;

9) сауда объектісінің орналасқан жерінің мекен-жайы көрсетіледі.

17. «Жалға алушылар бойынша мәліметтер» бөлімінде:

1) А бағанында кезекті реттік нөмірі;

2) В бағанында сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) алатын жалға алушының Т.А.Ә. немесе атауы көрсетіледі;

3) С бағанында жалға алушылардың мынадай мәртебелерінің бірі көрсетіледі:

1-саны, егер жалға алушы жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлға болса;

2-саны, егер жалға алушы жеке кәсіпкер болса;

3-саны, егер жалға алушы заңды тұлға болса.

4) D бағанында жалға алушының ЖСН(БСН) көрсетіледі;

5) Е бағанында жеке тұлғаның-жалға алушының жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі көрсетіледі;

6) F бағанында жалға алушының жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні көрсетіледі;

7) G бағанында жалға беру (пайдалану) шартының  нөмірі (ол болған кезде) көрсетіледі;

8) H бағанында жалға беру (пайдалану) шартының жасалған күні көрсетіледі;

9) І бағанында сауда орнының, сауда объектісінің мақсаты (мысалы: мейрамхана, кафе, аспаздық, өнеркәсіп тауарлар және басқалары) көрсетіледі;

10) J бағанында сауда объектісіндегі сауда орнының орналасқан жері (мысалы: сауда объектісінің немесе орынның қатары, секторы және нөмірі) көрсетіледі;

11) К бағанында сауда объектісінің немесе орнының жалға берудің (пайдалану) нақты кезеңі көрсетіледі;

12) L бағанында жалға беру (пайдалану) шартына сәйкес төленуге жататын жалға беру төлемінің сомасы көрсетіледі;

13) М бағанында нақты төленген жалға беру төлемінің сомасы көрсетіледі;

14) N бағанында жалға беру (пайдалану) шартына сәйкеc төленуге жататын өтелетін шығыстар сомасы көрсетіледі;

15) О бағанында нақты төленген өтелетін шығыстар сомасы көрсетіледі;

0001 жолдың L, М, N және О бағандарында жалға беру (пайдалану) шартына сәйкес төленуге жататын жалға беру төлемінің сомасының,жалға беру төлемінің нақты төленген сомасының, жалға беру (пайдалану) шартына сәйкеc төленуге жататын өтелетін шығыстар сомасының және нақты төленген өтелетін шығыстар сомасының қорытынды мәні көрсетіледі.

L бағанының 0001 жолдарының қорытынды шамасы 871.00.003 жолына көшіріледі.

М бағанының 0001 жолдарының қорытынды шамасы 871.00.004 жолына көшіріледі.

N бағанының 0001 жолдарының қорытынды шамасы 871.00.005 жолына көшіріледі.

О бағанының 0001 жолдарының қорытынды шамасы 871.00.006 жолына көшіріледі.