Жарияланған күні: 20.04.2015 18:36
Өзгертілген күні: 20.04.2015 18:37

Мүлік салығы

11.1. Салық кодексінің 396-бабы 5-тармақпен толықтырылды,  оған сәйкес метрополитеннің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін көліктік кешеннің ажырамас бөлігі болып табылатын ғимараттар, құрылыстар салық салу объектiлерi мүлік салығы салынатын объектілерден алып тастау қарастырылған.

    11.2. Салық кодексінің 398-бабы 4-1 тармақпен толықтырылды, оған сәйкес әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер үшін пайдалануға, сенімгерлiк басқаруға немесе жалға берілген мүлік бойынша, егер оны пайдаланылғаны, сенімгерлiк басқарылғаны немесе жалға берілгені үшін төлемақы мемлекеттік бюджетке түсетін болса салық ставкасын 1,5 пайыздан 0,1 пайызға дейін төмендету қарастырылған (аталған норма ретроспективті түрде 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі).

11.3. Салық кодексінің 398 бабы 8-тармақпен толықтырылды, оған сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға халықаралық мамандандырылған көрме аумағында орналасқан халықаралық мамандандырылған көрме объектілері бойынша мүлік салығын салық базасына 0,1 пайыз мөлшерлеме белгіленді.

    Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілерін жобалау және (немесе) салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілерін жобалау және (немесе) салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесіне енгізілгензаңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес халықаралық мамандандырылған көрме қатысушыларына өтеусіз негізде пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға беру жағдайларын қоспағанда, салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға беру жағдайларына қолданылмайды.

    Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу аяқталған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдеріне қолданылмайды.