Жарияланған күні: 04.05.2018 15:54
Өзгертілген күні: 04.05.2018 15:55

Корпоративтік табыс салығы (бұдан әрі - КТС), (222-315-баптар)

Заңды тұлғалардың кірістері КТС салуға қатысты жекелеген өзгерістер жаңа Салық кодексімен енгізілген.

Кіріс ретінде қарастырылмайтындығы қосымша 225-баппен көзделген:

акционер алатын (алған), оның ішінде заңды тұлғаны тарату немесе жарғылық капиталды азайту кезінде, сондай-ақ эмитент-заңды тұлға шығарған акцияларды осы эмитент акционерден сатып алған кезде мүлікті бөлу кезінде өзіне мүлікті бөлу жүзеге асырылатын акциялардың санына тура келетін төленген жарғылық капитал мөлшерінде, бұрын енгізілген мүліктің орнына алатын (алған) мүліктің құны;

қатысушы, құрылтайшы алатын (алған), оның ішінде заңды тұлғаны тарату немесе жарғылық капиталды азайту кезінде, сондай-ақ заңды тұлға құрылтайшыдан, қатысушыдан осы заңды тұлғаға қатысу үлестерін немесе олардың бір бөлігін сатып алу кезінде мүлікті бөлу кезінде өзіне мүлікті бөлу жүзеге асырылатын қатысу үлесіне тура келетін төленген жарғылық капитал мөлшерінде, бірақ өзінің пайдасына мүлікті бөлу жүзеге асырылатын қатысушы жүргізген оны сатып алуға және (немесе) жарғылық капиталға жарналарды төлеуге жұмсалған шығындар сомасынан аспайтын мөлшерде, бұрын енгізілген мүліктің орнына алатын (алған) мүліктің құны;

егер жарнамалық мақсатта (оның ішінде сыйға тарту түрінде) өтеусіз алынған тауар бірлігінің құны тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және тауарды осындай алу күнінде қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспаса, осындай тауардың құны;

бар болған жағдайда, Салық кодексінің 234-бабында көзделген асып кету ескеріле отырып, Салық кодексінің 270-бабының 8-тармағына сәйкес топтың құндық балансын азайту жүргізілген сома шегінде алынған сақтандыру төлемі;

Салық кодексінің 243-бабының 8-тармағына сәйкес алынған мүліктің оның ішінде жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны;

аяқталмаған құрылыс объектісінің құнын халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес сыйақының төленуге жататын (төленген) сомасы шегінде азайтатын, осындай объектінің құнын халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес ұлғайтатын, алынуға жататын (алынған) сыйақы;

    Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы операторы болып табылатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен бағдарламаларға сәйкес кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қаржылық емес қолдау түрінде бюджет қаражаты есебінен алынған көрсетілетін қызметтердің құны;

екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымнан Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде активтерді өтеусіз алуға байланысты туындайтын, дауыс беретін акцияларының 100 пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі орнықтылық ұйымының кірісі;

халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес:

екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымнан активтерді өтеусіз беру туралы шарттың талаптарына сәйкес активтер сомасы мен олардың әділ құнының арасындағы оң айырманың амортизациясына байланысты туындаған, дауыс беретін акцияларының 100 пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі орнықтылық ұйымының кірісі;

және олардың әділдік құны;

мемлекеттік меншіктен өтеусіз берілген, алынған техногендік минералды түзілімдер.

Борышкер іс жүзінде төлеген сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма кредиттер (қарыздар, микрокредитдар) бойынша талап ету құқығын сатып алатын және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Микроқаржы ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген салық төлеушінің талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кірісін анықтаудың жекелеген тәртібі 233-баппен көзделген.

Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс оң айырма туындайтын (ұлғаятын) салықтық кезеңде танылады. Бұл ретте бұрын алдыңғы салықтық кезеңдерде танылған оң айырма ескерілмейді.

Әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған кіріс деп танылған тәртіп 239-баппен өзгерген. Егер әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде басқа тұлғадан алынуға жататын (алынған) кірістер, осындай кірістерді қоса алғанда, жылдық жиынтық кірістің 5 пайызынан аспайтын болса, онда салық төлеушінің жылдық жиынтық кірісіне осындай кірістердің әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде іс жүзінде шегілген, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын шығыстардан асып кетуі қосылады.

Салық төлеушіге меншік құқығында тиесілі:

1) мына қызмет түрлерінің бірінде немесе бірнешеуінде:

демалысты, ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы;

ғылым, мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы, тарихи-мәдени мұраны, архив құндылықтарын сақтау жөніндегі қызметте пайдаланылатын;

2) тұрғынжай қорының объектісі болып табылатын мүлік әлеуметтік сала объектісі болып табылады.

Салық төлеушілердің жылдық жиынтық кірісінен алып тастауға жататын кірістердің тізбесі 241-баппен кеңейтілген. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап түзетулерге сонымен қатар мыналар жатады:

Салық кодексінің 289-бабында белгіленген шарттар сақталған кезде, коммерциялық ұйымның Салық кодексінің 289-бабының 2-тармағында көзделген кірістері;

білім беру саласындағы уәкілетті органның сенім білдірілген өкілінің (агентінің) бюджет қаражатының шығыстарын өтеу жөніндегі, сондай-ақ мемлекеттік білім беру кредиттері мен мемлекеттік студенттік кредиттерді қайтару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға байланысты ұйғарылған тұрақсыздық айыбы түріндегі кірістері алып тасталуға жатады.

Есептелеген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуға жүргізілетін заңды тұлғалар үшін дивидендтерге түзетулер қолдану құрылымы аталған баппен өзгертілген.

Осылайша, жылдық жиынтық кірістен егер тұтастай алғанда дивидендтер төлейтін заңды тұлға бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасында 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі 50 пайыздан аз болу шартымен, өзінде азайту жүргізілген кезең үшін осындай дивидендтер есепке жазылған жағдайда, қызмет, оның ішінде осындай азайту көзделген инвестициялық келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды жүргізетін заңды тұлға жүргізетін дивидендтер алып тастауға жатады. Бұл ретте, егер тұтастай алғанда дивидендтер төлейтін заңды тұлға бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасында 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі 50 пайыздан аз болу шартымен, өзінде азайту жүргізілген кезең үшін осындай дивидендтер есепке жазылған жағдайда, қызмет, оның ішінде осындай азайту көзделген инвестициялық келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды жүргізетін заңды тұлға төлейтін дивидендтер алып тасталуға жатпайды.

Жекелеген шығыстарды шегерімге жатқызуды көздейтін нормаларға да өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

 Салық төлеушi шеккен тауарлар ысырабы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген табиғи кему нормалары шегiнде шегерiмге жататындығы 243-баппен реттелген.

салық төлеушінің бұрын шегерімге жатқызылмаған тауарлардың жойылуына, бүлінуіне байланысты немесе ол бойынша нұқсан келтірген тұлғадан немесе сақтандыру ұйымынан нұқсанды өтеу сомасы алынған сақтандыру жағдайының басталуына байланысты олардың баланстық құны мөлшеріндегі шығыстары нұқсанды өтеу сомасының алыну күні тура келетін кезеңде алынған өтемақы сомасы шегінде шегерімге жатады;

салық төлеушінің келісімде, ұжымдық шартта, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, жұмыскерлердi міндетті, мерзімді (еңбек қызметi iшiнде) медициналық тексеріп-қарауға және ауысым алдындағы, ауысымнан кейінгі және өзге де медициналық куәландыруға (тексеріп-қарауға), медициналық пункттерді ұстауға немесе оларды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстары;

салық төлеушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, еңбек шартына, ұжымдық шартқа немесе жұмыс берушінің актілеріне сәйкес жұмыскерлерді еңбек қауiпсiздігі, еңбекті қорғау және еңбек гигиенасы талаптарына, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға жауап беретін еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету жөніндегі, жұмыскерлерді арнайы жабдықталған жерде демалу және тамақтану мүмкіндігімен қамтамасыз ету жөніндегі шығыстары;

салық төлеушінің жұмыскерлерді қоғамдық тамақтандыруды, мектепке дейін тәрбиелеу мен оқытуды, балаларды, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қамсыздандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстары;

мәміледе белгіленген кепілдік мерзімі ішінде жүргізілген салық төлеушінің өткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің кемшіліктерін жою бойынша іс жүзіндегі шығыстарының сомасы егер мәміле шарттарында салық төлеушінің өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер сапасына кепілдік беруі көзделген жағдайда;

энергия беруші ұйымның жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын субъектілерге электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді өтеусіз көрсетуге байланысты шеккен шығыстары.

Салық төлеушінің директорлар кеңесі мүшелерінің немесе жоғары басқару органы болып табылмайтын, өзге басқару органы мүшелерінің сапарлары кезінде, қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақыдан басқа, олар өздеріне жүктелген басқарушылық міндеттерді орындауға байланысты шеккен өтемақылар жөніндегі мынадай шығыстар шегерім қарастыратын қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақы сомасының шегерімдері 244-баппен кеңейтілген.

246-баппен сыйақы бойынша шегерым мөлшерін анықтау тәртібіне өзгерістер енгізілген, солайша, осы баптың 3-тармағына сәйкес белгіленген сыйақылар, салық төлеуші немесе үшінші тұлға осындай салық төлеушінің міндеттемелері есебіне іс жүзінде төлеген мөлшерде шегерімге жатқызылуға жатады.

Сонымен бірге, Д көрсеткішіне ( шектеуге жатқызуға жатпайтын сома) акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банк беретін кредиттер (қарыздар) үшін сыйақы сомасы енгізілген.

248-баппен күмәнді талаптар бойынша шегерімді қолдану тәртібі және құрылымы өзгертілген. Енгізілген өзгерістер бойынша мыналарды:

1) тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асырған және осындай талап ету құқығын басқаға бермеген;

2) тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асырған және осындай талап ету құқығын басқаға берген;

3) өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша талап ету құқығын сатып алуды. Бұл ретте аталған тұлғалар үшін шегерімнің құқығы тауарларды, орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізуді жүзеге асырған және осындай талап ету құқығына жол берген тұлғаларда талап ету құқығын сатып алу кезінде ғана көзделген;

4) банктік кредит (қарыз) шарттары бойынша және микрокредиттер беру туралы шарттар бойынша заңды күшіне енген сот шешімі негізінде айыппұлдар мен өсімпұлды жылдық жиынтық кіріс құрамына қосуды жүзеге асырған тұлғада күмәнді талаптар шегерімге жатады.

253-баппен жер қойнауын пайдаланушылар үшін жою қорларына кен орындарын өңдеу салдарынна арналған шығыстарына және аударымдар сомаларына аналогия бойынша қалдықтарды орналастыру полигондарын жоюға арналған шығыстар бойынша шегерімдер және қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорына аударымдар сомасының жаңа шегерімі қарастырылған.

263-баппен қарыз шартын жасасу кезінде жарғылық капиталына шет мемлекет қатысқан бейрезидент-банктен алынған қарыз бойынша осындай қарыз шартына сәйкес, егер мұндай қарыздың сомасы республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген, тиісті салықтық кезеңнің 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 000 000 еселенген мөлшерінен асқан жағдайда, қарыз бойынша сыйақы сомасынан қарыз алушының өз қаражатынан төленген, төлем көзінен алынатын КТС сомасын шегерімге жатқызу қарастырылған.

Тіркелген активтер бойынша шегерімдерді есептеу тәртібіне өзгерістер енгізілген.

Солайша, Салық кодексінің 266-бабы 1-тармағы 5)-тармағына сәйкес тіркелген активтерге лизинг шарты бойынша берілген мүліктен басқа, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша берілген, осындай шарт бойынша берілгеннен кейін бухгалтерлік есепке алуда негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер ретінде есепке алынбайтын мүлік жалға берушінің мүлкіне жатады.

Бұл ретте, Салық кодексінің 266-бабы 2-тармағы 17)-тармақшасына сәйкес лизинг шарты бойынша алынған активтерден басқа, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша уақытша иеленуге және пайдалануға алынған, осындай шарт бойынша алынғаннан кейін бухгалтерлік есепке алуда негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер ретінде есепке алынатын жалға алушының активтері тіркелген активтерге жатпайды.

Бөлек жаңа 269-баппен шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауысқан кезде топтың (кіші топтың) құндық балансын қалыптастыру тәртібі белгіленген.

273-баптың 5-тармағымен пайдалы қатты қазбаларды өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы үшін шегерім өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлық кен орындарын әзірлеу салдарларын жою жөніндегі жұмыс аяқталған салықтық кезеңде құндық балансының шамасын шегерімге жатқызу қарастырылған.

Өндіруге арналған көрсетілген келісімшарт бойынша жылдық жиынтық кіріс болмаған немесе залал болған жағдайда, шегерім осындай жер қойнауын пайдаланушының өндіруге арналған басқа келісімшарты бойынша жүргізіледі.

Бұл ретте шегерім мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және салықтық кезеңнің соңғы күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 150 000 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

283-баппен іс жүзіндегі әдісті қолданған кезде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша кірісті айқындау тәртібі өзгертілген.

288-баппен іс салық салынатын кірісті азайтуды қолдану тәртібіне өзгерістер енгізілген. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, егер осы тармақтың 9) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, бір мезгілде мынадай:

акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеуші осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленеді;

осындай эмитент-заңды тұлға немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлға немесе осындай консорциумға қатысу үлесін өткізетін осындай консорциумға қатысушы жер қойнауын пайдаланушы болып табылмайды;

жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi осындай эмитент-заңды тұлға немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлға активтерінің құнында немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай консорциум қатысушылары активтерінің жалпы құнында осындай өткiзу күнiне 50 пайыздан аз болады деген шарттар орындалған кезде резидент-заңды тұлға шығарған акцияларды немесе резидент-заңды тұлғаға немесе Қазақстан Республикасында құрылған консорциумға қатысу үлестерiн өткiзу кезінде салық төлеуші құн өсімінен түсетін кірістер сомасына салық салынатын кірістерді азайтуға құқылы.

Салық төлеушінің акцияларды немесе қатысу үлестерін иеленуінің осы тармақшада көрсетілген мерзімі, егер мұндай акцияларды немесе қатысу үлестерін салық төлеуші бұрынғы меншік иелерінің қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде алса, бұрынғы меншік иелерінің акцияларды немесе қатысу үлестерін иелену мерзімдері ескеріле отырып, жиынтық түрде айқындалады.

Норманы қолдану мақсатында, жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы, сондай-ақ акциялар немесе қатысу үлестері өткізілген айдың бірінші күнінің алдындағы он екі айлық кезең ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзінің және (немесе) өзара байланысты тарап болып табылатын резидент-заңды тұлғаға тиесілі өндірістік қуаттарда көрсетілген кезеңде көмірді қоса алғанда, өндірілген минералды шикізаттың кемінде 35 пайызын кейінгі қайта өңдеуді (бастапқы қайта өңдеуден кейін) жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдаланушы деп танылмайды.

Көмірді қоса алғанда, кейінгі қайта өңдеуге жіберілген минералды шикізаттың көлемін айқындаған кезде:

бастапқы қайта өңдеуден кейінгі кез келген қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өндіруге тікелей жіберілген;

бастапқы қайта өңдеу өнімін кейінгі қайта өңдеуде одан әрі пайдалану мақсатында өндіруге пайдаланылған шикізат ескеріледі.

Бұл ретте акциялары немесе қатысу үлестері өткізілетін заңды тұлға немесе консорциум активтерінің құнындағы жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің үлесі Салық кодексінің 650-бабына сәйкес айқындалады.

Дауыс беруші акцияларының 100 пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі Тұрақтылық ұйымы, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын, екінші деңдейдегі банктердің несиелік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйыммен берілген, Ипотекалық тұрғын үй несиелерін қайта қаржыландыру бағдарламасының шеңберінде алынған, банктік салым келісімі бойынша сыйақы сомасына салық салынатын кірісті азайтуға құқылы.

288-баппен коммерциялық емес ұйымдарға өзгертілген салық салу тәртібі қарастырылған. Салық кодексін қолданысқа енгізуге қатысты осы баптың 2-тармағымен белгіленген коммерциялық емес ұйымның кірістері жиынтық жылдық табыстан алынып тастауға жатады.

Бұл ретте, 21)-тармаққа сәйкес коммерциялық емес ұйымның осындай табыстар есебінен жүзеге асырылған шығыстары шегерімге жатпайды.

292-баппен жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі (ПСҚ) болып табылатын, екінші деңдейдегі банктердің несиелік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымдарға салық салу шарттары өзгертілген.

293-баппен тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер, және Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрме ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін нақтыланған шарттарды сақтаған жағдайда КТС 100 пайызға азайту қарастырылған.

30-тараумен (294-298-баптар) бақыланатын шетелдік компаниялардың табыстарына салық салуды жаңа ережелері қарастырылған.

300-баппен залалдарды ауыстыру бөлігінде де өзгертулер көзделген. Солайша, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, аяқталмаған құрылыс объектілерін, орнатылмаған жабдықты өткізуден шегілген залалдар осы салықтық кезеңдердің салық салынатын кірісі есебінен өтеу үшін соңғы жылы қоса алынатын келесі он жылға ауыстырылады

Орнатылмаған жабдықты және аяқталмаған құрылыс объектілерін өткізуден шегілген залалдар осы салықтық кезеңдердің салық салынатын кірісі есебінен өтеу үшін соңғы жылы қоса алынатын келесі он жылға ауыстыру көзделген (кәсіпкерлік қызметтен және І топтағы тіркелген активтерді шығарудан залалдарды ауыстыруға ұқсас).

305-баппен салық кезеңінің 20 желтоқсаннан бастап 31 желтоқсандағы декларациядан кейін аванстық төлемдердің қосымша есебін беру мерзімі ауыстырылды.

Бұл ретте, Салық кодексінің 306-бабы 2-тармағына сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi төлеу мерзімі өзгертілмеген, оның ішінде салық төлеушілер бюджетке әрбір айдың 25-інен кешiктiрмей әрбір ай үшін енгізуге мiндеттi желтоқсан айын қоса алғанда.

20 сәуірдегі декларациядан кейінгі аванстық төлемдердi төлеу есебін беру мерзімі сақталды. Бұл ретте, осы мерзім бойынша салық есептілігін беру мерзімін создарған салық төлеушілер аванстық төлемдердiң есебін береді.

307-баппен дауыс беруші акцияларының 100 пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі Тұрақтылық ұйымы, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын, екінші деңдейдегі банктердің несиелік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйыммен берілген, Ипотекалық тұрғын үй несиелерін қайта қаржыландыру бағдарламасының шеңберінде алынған, банктік салым келісімі бойынша сыйақыны төлем көзінде корпоративтік табыс салығымен салудан босату бөлігінде өзгерістер көзделген.