Жарияланған күні: 26.04.2018 10:39
Өзгертілген күні: 25.05.2018 18:15

Көлік құралдары салығы (490-496 баптар)

         490-баптың 3-тармағы 3) тармақшасымен орта мектептердің қайта ұйымдастырылуына байланысты, орта білім беретін мемлекеттік оқу орындарын салықты төлеуден босату бойынша жаңа норма қосылды.

         492-баптың 7-тармағымен Қазақстан Республикасына 1999 жылдың
1 сәуіріне дейін кіргізілген ұшу аппараттары бойынша төмендету  коэффициенті алынып тасталды.

         493-баптың 6-тармағы. Көлік құралдарын айдап кету (ұрлап әкету) жағдайларында салық төлеуден босату мақсаты үшін көлікті тіркеу саласындағы құзіретті орган көлік құралын айдап кету (ұрлап әкету) туралы қылмыстық істі қозғау фактісін растайтын (күні) мәліметтер ұсынады.

         Салықты есептеу осындай мәліметтер негізінде:

  • көлік құралын айдап кету (ұрлап кету) туралы қылмыстық істі қозғаған күннен бастап тоқтатылады;

көлік құралын айдап кету (ұрлап кету) және оны қайтару туралы қылмыстық істі тоқтатқан күннен бастап жаңартылады.