Жарияланған күні: 28.04.2018 16:47
Өзгертілген күні: 28.04.2018 16:48

Салық нысандарын қабылдау

Салық нысандары салық органдарына ұсынылмайды деп есептелетін кезде, соның ішінде 209-бабы мынадай жағдаймен толықтырылды:

  • қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілік салық органының шешімімен көрсетілген салық бойынша тіркеу есебінен шығарылғаннан кейін келу тәртібімен ұсынылмаса.

Салық есептілігі түрлерінің электрондық пішім құрылымында пішімді-логикалық бақылау талаптары бұзылған кезде жағдайы басқа редакцияда жазылды, соның ішінде:

  • форматтық-логикалық бақылаудың салықтық есептілікті қабылдау және өңдеу жүйесі қабылдамаған кезде салықтық есептілікте «Өндеуден бас тартылды» деген өңдеу мәртебесі болса.

Шот-фактуралар қағаз жеткізгіште алынған немесе жазып берілген жағдайда – салықтық кезең ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімдері қосылған құн салығы бойынша декларациямен бірге бір мезгілде ұсынылмаса деген айқындайтын өзгерістер енгізілді.

Салық есептілігін кері қайтарып алу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезінде шығыс құжатының қысқартылуы (салық есептілігін кері қайтарып алу туралы хабарлама) 210-бабымен белгіленген.

Кері қайтарып алу туралы мәлімет уәкілетті органның интернет-ресурсында Салық кодексімен белгіленген мерзімдерде жарияланады.

Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық есептілікті ұсынуын тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезінде шығыс құжатының қысқартылуы (салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық есептілікті ұсынуын тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) шешімі немесе салықтық есептілікті ұсынуын тоқтата тұрудан (ұзарту, қайта бастау) бас тарту туралы шешім) 213, 214-бабымен белгіленген.

Тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы мәліметтер осындай шешім қабылданған күннен кешіктірілмей уәкілетті органның интернет-ресурсына жарияланады және салықтық өтініште көрсетілген кезең үшін салықтық есептілікті ұсынбау үшін негіз болып табылады.

Сонымен қатар, салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрудан бас тарту:

  • талап қоюдың ескіру мерзімін ескере отырып, салықтық есептіліктерін табыс етпеуі;
  • салық органы жіберген, орындалмаған хабарламалар болған жағдайларда қабылданатын себептерімен толықтырылды.

Сонымен, арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерді қоспағанда, тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекел деңгейі жоғары салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық есептілікті ұсыну тәртібі қолданылмайды.

Тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекелдер деңгейі төмен салық төлеушілер үшін салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің өзге де түрлері бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын кезеңге ұзартылатыны 212-бабымен белгіленген.

Арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерді қоспағанда, салықтық есептілікті ұсыну мерзімі тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекел деңгейі жоғары салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты ұзартылмайды.

01.01.2020 жылдан бастап Ұлттық куәландырушы орталығының (ҰКО) электрондық цифрлық қолтаңбасын бірыңғай қолдануға көшу мақсатында электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі жойылды

Кері қайтарып алу туралы мәлімет уәкілетті органның интернет-ресурсында Салық кодексімен белгіленген мерзімдерде жарияланады.

Салықтық есептілікті ұсынуын тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезінде шығыс құжатының қысқартылуы (салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық есептілікті ұсынуын тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) шешімі немесе салықтық есептілікті ұсынуын тоқтата тұрудан (ұзарту, қайта бастау) бас тарту туралы шешім) 213, 214-баптарымен белгіленген.

Тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы мәліметтер осындай шешім қабылданған күннен кешіктірілмей уәкілетті органның интернет-ресурсына жарияланады және салықтық өтініште көрсетілген кезең үшін салықтық есептілікті ұсынбау үшін негіз болып табылады.

Бұдан басқа, салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрудан бас тарту:

  • талап қоюдың ескіру мерзімін ескере отырып, салықтық есептіліктерін табыс етпеуі;
  • салық органы жіберген, орындалмаған хабарламалар болған жағдайларда қабылданатын себептерімен толықтырылды.

Сонымен, арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерді қоспағанда, тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекел деңгейі жоғары салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық есептілікті ұсыну тәртібі қолданылмайды.

Тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекел деңгейі төмен салық төлеушілер үшін салықтық есептілікті ұсыну мерзімін тапсыру үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын, осындай есептілік тапсыру үшін белгіленгендігі 212-баппен белгіленген.