- Аймақтар бойынша департаменттер
- Астана
- Алматы
- Ұлытау облысы
- Жетісу облысы
- Шымкент
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Манғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
Жарияланған күні: 24.02.2016 10:50
Өзгертілген күні: 04.05.2018 16:34
Арнайы экономикалық аймақтардың аумағында жұмыс істейтін тұлғаларды және инвестициялық басым жобаларды іске асыратын ұйымдарды салық салу (708-712 баптар)
708-бапта салық салу мақсаттары үшін АЭА аумағында қызметті жүзеге асыру үшін жағдайлар белгіленген:
708-баптың 1-тармағы - барлық Арнайы Экономикалық аймақтар үшін (АЭА) («Астана - Жаңа қала», «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі», «Ақтау теңіз порты», «Оңтүстік», «Сарыарқа», «Қорғас - Шығыс қақпасы», «Павлодар», «Тараз химиялық паркі», «Астана-Технополис»);
708-баптың 2-тармағы - АЭА -ның «Инновациялық технологиялар паркі үшін»;
708-баптың 3-тармағы - «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы » АЭА үшін, сонымен бірге салықтық женілдікті қолдану нормалары, жалпыға бірдей режимде қызыметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлегреде таратылады.
709-бапта АЭА аумағында жұмыс iстейтiн ұйымдардың салық салу тәртiбi айқындалады.
Бұдан басқа, «90/10», «70/30» коэффициенттері қызметтің түрлері бойынша бөлек есепке алуды енгізумен жылдық жиынтық табысқа қойылатын талап алынып тасталды; «ИТП» АЭА үшін әлеуметтік салық жеңілдіктерін қолдану мерзімін шектеу алынып тасталды, 2028 жылға дейін «ИТП» АЭА территориясынан экстерриториалдылық қағидаты кеңейтілді.
711-бап салық салу мақсаттары үшін инвестициялық басым жобаларды іске асыратын ұйымдар үшін жағдайларды анықтайды.
712-бап жаңа өндірістер құру және (немесе) қолданыстағы өндірістік объектілерді кеңейту және жаңарту үшін инвестициялық басым жобаларды іске асыратын ұйымдарды салық салу тәртібін айқындайды.