Жарияланған күні: 28.04.2018 16:11
Өзгертілген күні: 28.04.2018 16:19

Салықтық бақылау

69-бапта салықты бақылау нысаны белгіленді.

Бұдан тыс, өтініш берушінің этил спирті мен алкоголь өнімдерін, оның ішінде табак өнімдерін шығару бойынша қызметтеріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін белгілеу жөніндегі мемлекеттік бақылау нысаны               2019 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап алкоголь өнімдерін көтерме және бөлшектеп сатуға лицензия алу кезінде лицензия алдында тексеру жүргізу жойылды.

Салықтық бақылаудың басқа да нысандарының бірі тауарларға берілетін ілеспе жүқұжаттарды рәсімдеу тәртібінің  сақталуына бақылау жүргізу (176-бап, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі) болып табылады, соған сәйкес тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында алып жүру, сату, ЕАЭО аумағынан және тауарлардың белгіленген тізбесі бойынша үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына кіргізу кезінде ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу міндеттері мен мерзімдері белгіленген.