Жарияланған күні: 15.04.2020 15:34
Өзгертілген күні: 15.04.2020 15:41

            Үш құрамдасты интеграцияланған жүйе (ҮИЖ) модельдерін тіркеуге тапсырыстарды қабылдау басталды

   

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ҮИЖ әзірлеушілер  мен өндірушілер назарына ҮИЖ бірыңғай тізіліміне (бұдан әрі – Бірыңғай тізілім) ҮИЖ-ның жаңа модельдерін тіркеу үшін тапсырыстарды қабылдауға дайындығы туралы хабарлайды. Ол үшін келесі құжаттарды тапсыру керек:

• Талаптардың қосымшасына сәйкес түрде толтырылған ҮИЖ моделін Бірыңғай тізілімге енгізу туралы өтініш;

• Өндіруші төлқұжаты, техникалық құжаттама мен БКМ, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйе және ҮИЖ есепке алу құрамдасынан тұратын интеграцияланған жүйені пайдалану жөніндегі нұсқаулық;

•ҮИЖ иелену құқығын растайтын құжат;

•«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сынақтарының сәтті хаттамасы.

ҮИЖ моделін Бірыңғай тізілімге енгізу ҮИЖ эталондық үлгісін ұсынған күннен бастап 18 (он сегіз) жұмыс күн ішінде қарастырылады.
Үш құрамдасты интеграцияланған жүйе деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасы, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйе (құрылғы), сонымен қатар сауданың басқарылуын, қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды және тауарларды есепке алуды автоматтандыруға арналған құрылғыдан немесе осы үш құрамдас бөлікті алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешен екенін естеріңізге салып өтеміз.

ҮИЖ интеграция модулін жүзеге асыру үшін төмендегі сілтемелер бойынша қол жетімді келесі API сервистеріне қосылу қажет:

•API «Салық төлеушінің жеке шотындағы төленген сомалар туралы ақпаратты беру қызметі»
https://kgd.gov.kz/ru/content/api-servis-po-predostavleniyu-informacii-ob...

• «Электрондықшот-фактуралар» Web-қосымшасының API - интерфейсі
https://kgd.gov.kz/ru/content/api-interfeys-web-prilozheniya-elektronnye-...

• Салықесептілігінысанынқабылдаубойынша API-қызметі
https://kgd.gov.kz/ru/content/api-servis-po-priemu-form-nalogovoy-otchetn...

• Есеп-бақылаумаркаларыбойынша API-қызметі
https://pbf.kz/Checker/RequestForAccess/Create