Жарияланған күні: 15.04.2020 15:27
Өзгертілген күні: 15.04.2020 15:28

                        

 

                           Үш құрамдастағы интеграцияланған жүйеге қойылатын талаптар өзгерді

 

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, бизнес қауымдастығының ұсыныстары ескеріле отырып, үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарға, өзгерістер енгізілгенің хабарлайды. Ағымдағы жылдың 31 наурызындағы өзгертулер ҮИЖ-ге қойылатын техникалық талаптарды рет кекелтірді (2019 ж. 2 қыркүйектегі №953 бұйрық).

 

ҮИЖ-ге қойылатын талаптардың бірі -  салық есептілігі модулінің болуы. Бұл жүйеде тауарлардың қозғалысы көрсетіліп, сенымен қатар, салық есептілігін, оның ішінде жалдамалы қызметкерлердің жалақысы бойынша есептілікті құру мүмкіндігі болу керек. ҮИЖ дара кәсіпкерлерге салық міндеттемелерін орындау мен есеп жүргізуді жеңілдетуге тиіс.

ҮИЖ әзірлеушілері мен өндірушілері ҮИЖ Біріңғай тізіліміне жаңа модельдерді тіркеу үшін Мемлекеттік кірістер комитетіне өтініш тапсыраалады.

 

Жеңілдетілген декларация мен ҮИЖ қолданатын салық төлеушілер бірқатар артықшылықтарға ие.

1. Жеңілдетілген декларацияны қолдану кезіндегі салық кезеңі үшін болатын шектікіріс, яғни жартыжылдықта 66,8 млн. теңгеден 261,4 млн. теңгеге дейін өсті.

2. Қосылған құн салығының шегі 30 000 АЕК-тен 144 184 АЕК-кедейін, яғни 83,3 млн. теңгеден 400,5 млн. теңгеге дейін ұлғайтылды.

Алайда, бұл өсім тек қолма-қол ақшасыз түрде жүзеге асырылатын айналымға, яғни банк карталары арқылы клиенттермен есепайырысуға қатысты болады.

Еске сала кетейік, үш құрамдасты интеграцияланған жүйедеректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасы, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйе (құрылғы), сонымен қатар сауданың басқарылуын, қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды және тауарларды есепке алуды автоматтандыруға арналған құрылғыдан немесе осы үшқұрамдас бөлікті алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешен.

Үш құрамдасты интеграцияланған жүйелерге қатысты барлық сұрақтар бойынша 87757176767 телефон арқылы хабарласуға болады.