Жарияланған күні: 24.12.2019 18:07
Өзгертілген күні: 24.12.2019 18:08

«Салық әмияны» қызметі салық төлеуді жеңілдетеді

 

2020 жылдың 1 қаңтарында «Салық әмияны» механизмы іске қосылады.

Бұл- бір шоттан төлемдерді қабылдау және өңдеу қызметі, салық төлеушінің өтінішінсіз онлайн режимінде есепке алу жүйесі.

Салық төлеу кезіндегі қателіктер, негізінен, бірнеше деректемелерді толтыру қажеттігіне байланысты болды.

Ал, бұл жаңа қызмет бұған дейін қолданылған борыштық төлемдер немесе алдағы төлемдер бойынша қызметтерге қарағанда, қаражаттарды жалпы мәліметтермен толықтыруға, «салық әмиянының» балансынан автоматты түрде ақша аудару опциясын қосуға және төленгені жөніңде хабарлама алуға мүмкіндік береді. Салық әмиянының мобильді нұсқасы ҚР  ҚМ МКК e-Salyq мобильді қосымшасының платформасында жұмыс істейді, сонымен қатар электрондық үкімет порталында (egov.kz) және желтоқсан айының соңынан бастап «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (Homebank) мобильді қосымшасында, сонымен қатар 2020 жылдан бастап бұл қызмет Kaspi.kz мобильді қосымшасына енгізілетін болады.