Жарияланған күні: 08.04.2020 13:47
Өзгертілген күні: 08.04.2020 13:48

Қызметкерлер ардагерлерге көмек қолын созды

                                                                    

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері, бүкіл әлемдік індет - коронавирустың таралуына байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты мемлекет тарапынан індетті таратпау, елдің денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау мақсатында атқарылып жатқан кешенді жұмыстарды қолдай отырып, осынау қиын сәтте елдің әр азаматы қоғамға қолдан келген көмегін көрсету тиіс деп санайды.

Осындай мақсатта, Департамент қызметкерлері «Біз біргеміз» акциясы аясында салық және кеден саласының ардагерлеріне күнделікті қажетті азық-түліктерді табыстады.

Ардагерлер барлық азаматтарды қауіпсіздік ережесін сақтап, сабыр сақтай білсек, бұл қиындықтан шығамыз деп оң батасын беріп ризашылықтарын білдірді.