Жарияланған күні: 09.04.2020 10:55
Өзгертілген күні: 09.04.2020 11:01

ҚҚС-тың 8% ставкасы электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылды

   

 

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, ҚҚС-тың 8% ставкасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізгенде және импорттағанда қолданылатының хабарлайды

 

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі:

- бірінші сортты бидайұны;

- бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді);

- рожки (өлшеніпсалынатын);

- қара құмықжармасы (дән, өлшеніпсалынатын);

- тазартылған күріш (домалақдәнді, өлшеніпсалынатын);

- картоп;

- асханалықсәбіз;

- бастыпияз;

- аққауданды қырыққабат;

- аққант – құмшекер;

- күнбағысмайы;

- сиыреті (сүйектіжауырын-төсбөлігі);

- тауықеті (сан сүйекжәнеіргелесжұмсақеті бар сан жілік);

- пастерленгенсүт, майлылығы 2,5%, жұмсаққаптамада;

- майлылығы 2,5% айран, жұмсаққаптамада;

- сары май (тұздалмаған, майлылығыкемінде 72,5%, толықтырғыштаржәнеөсімдікмайларыжоқ);

- тауықжұмыртқасы (I санатты);

- аcтұзы ("Экстра" -дан басқа);

- сүзбе: майлылығы 5-9%.

 

Бұл тізбемен ЭШФ АЖ Виртуалдықоймасының жаһандық анықтамалығынан таны суға болады.

Ол тауарлардың СЭҚТН кодтарында «Әлеуметтікмаңызы бар тауар» белгісіболады.

СЭҚТН кодтарын дұрыс көрсеткенде және тауар айналымы жасалған күні 2020 жылдың 27 наурызынан 30 қыркүйегін қоса алғандағы уақытқа сәйкес келгенде ғана ҚҚС-тың 8% ставкасын қолдануға мүмкіндік бар.

Егер де шот-фактураныөңдеуде ҚҚС-тың 8% дұрыскөрсетілмесе, ондажүйе ҚҚС ставкасының бұрыстығы жөнінде хабарлама шығарады.

Еске сала кетейік, ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №141 Қаулысымен 2020 жылғы 1 қазанғадейінгікезеңге ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне қосылған тауарларды өткізгенде және импорттағанда ҚҚС ставкасын 8% -кедейін  төмендетуқарастырылған.