Жарияланған күні: 02.04.2020 10:13
Өзгертілген күні: 02.04.2020 10:16

ҚР Қаржы министрлігі елге импортталатын азық-түлік өнімдері үшін "жасыл дәліз" құрылғанын, кедендік кедергілер, қарап тексеру және құндық бақылау алынып тасталғанын хабарлайды.

ҚР Қаржы министрлігімен импортталатын азық-түліктерді жеткізу үшін "жасыл дәліз" құрылғанын, кедендік кедергілер, тексеру және құндық бақылау алынып тасталғанын хабарлайды.

Сондай-ақ, 2020 жылдың 22 наурызынан бастап ҚР Үкіметімен жекелеген тауарларды*** (қарақұмық, ұн, қант, картоп, сәбіз, шомыр, қызылша, пияз, орамжапырақ, күнбағыс дәні, күнбағыс майы) Қазақстаннан шығаруға тыйым салынды. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті бұл тауарларға экспорттық кедендік бақылауды күшейтіп, "АСТАНА-1" электронды декларациялаудың ақпараттық жүйесінде оларды экспорттауға тыйым салдыны.

(***Бұл тыйым ЕАЭО елдеріне таратылмайды).

ҚР Қаржы министрлігі, ҚР ҰҚК Шекара қызметі және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен шешімі бойынша әдеттегі жүйе бойынша жұмыс істейтін жүк өткізу бекеттері белгіленді (қалған бекеттердің жұмысы төтенше жағдайға байланысты 2020 жылдың 16 наурызынан бастап уақытша тоқтатылды).

Осылайша, Өзбекстан мен Қазақстан арасында: "Қазығұрт", "Қапланбек", "Б.Қонысбаев", "Атамекен", "Тәжен" өткізу бекеттері (автокөліктер үшін) жұмыс істеуде. 

Барлық халықаралық шекара бекеттеріндегі өткізу пункттерінде санитарлы-карантиндік бақылау күшейтілген. Атап айтқанда: санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жұмысшылары жұмылдырылған,  өткізу бекеттері жылу сезгіш құралдар және пирометрлермен жарақтандырылған,  науқас адамдар анықталған жағдайда, оларды уақытша оқшаулауға арналған ем-шаралық бөлмелер қарастырылған.