Жарияланған күні: 23.04.2019 16:36
Өзгертілген күні: 23.04.2019 16:37

 «Акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну, сондай-ақ осындай мiндеттеменi есепке алу қағидаларын және қамтамасыз ету мөлшерiн бекіту туралы» (бұдан әрі – Қағида) 2018 жылғы  8 ақпандағы № 144 Бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары Қазақстан Республикссның Қаржы Министрінің 2019 жылғы 14 наурыздағы № 236 Бұйрығының қабылданғанына байланысты салық төлеушілердің назарына келесіні түсіндіреді.

Сондай-ақ, көрсетілетін қызметтердің сапасын, тиімділігін арттыру мақсатында  алкоголь өнімдеріне есепке алу-бақылау маркаларын және темекі бұйымдарына акциздік маркаларды беру жөніндегі қызметтерді аутсорсингке Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Банкноттық фабрикасы» РМК-ға беру ұсынылды.

Дегенмен, Банкнот фабрикасымен 2019 жылғы 1 мамырдан бастап темекі өнімдеріне акциздік маркаларды беру жүзеге асырылатын болады, ал алкоголь өніміне есепке алу-бақылау маркаларын (бұдан әрі – ЕБМ)  2019 жылдың  1 маусымынан жүзеге асырылатынын хабарлайды.

 

Түркістан облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті