Дата публикации: 13.03.2015 15:01
Дата изменения: 04.04.2015 12:42

Бұл іс-шараның мақсаты, Елбасымен белгіленген Жаңа Экономикалық Саясатының табысты іске асырылуы белсенді істеріне байланысты  жеңімпаздардың бизнесте, экономикада және облыстың әлеуметтік дамуында жетістіктерін көпшілікке таныту.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ғ.Орынов өз сөзінде «үздіктерді іріктеу ол – экономиканың әр-түрлі салаларында қызмет атқаратын кәсіпкерлердің жетістіктерін атап өту, бизнесті адал, ашық және сауатты жүргізу және де, кәсіпкерлік субъектілерді ерікті және уақтылы салықтар мен төлемдерді төлеуге ынталандыру» екендігін атап өтті.

 

Іс-шараның нәтижесі бизнес-құрылымдар өкілдерінің құқықтылық біліктілігін қалыптастыруда дұрыс орын алады және мемлекет алдындағы өз міндеттеріне жауапты қарауға ынталандырады.

Кәсіпкерлерді марапаттау 22 түрлері бойынша жүргізілді, бұл патент негізіндегі арнаулы салық режимі, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі, акциздер, шетел компаниялары, жер қойнауын пайдаланушылар және т.б.

 

Облыстың үздік кәсіпкерлерін іріктеу заңды тұлғалар мен шағын және орта бизнес субъектілері арасында жүргізілді, яғни, барлық критерийлер сақталып, салықтар мен төлемдерді уақтылы және толық төлеу, төлемдер бойынша кешіктірулер мен берешектердің, әкімшілік құқық бұзушылықтарының жоқтығы сияқты көрсеткіштері ескерілді.

 

«Үздік салық төлеуші» ретінде жеңімпаз болып келесі салық төлеушілер атанды:

- «Патент негізіндегі арнаулы салық режиміндегі – қызмет көрсету» номинациясы бойынша Казакчаев Рустамбек Хакимович;

- «Патент негізіндегі арнаулы салық режиміндегі - сауда» номинациясы бойынша - Каркимбаев Абдукадир Умирзакович;

- «Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режиміндегі – қызмет көрсету» номинациясы бойынша - Кляцкий Владислав Григорьевич;

- «Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режиміндегі – сауда» номинациясы бойынша - Аширова Зауре Абдиназаровна;

- "Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арналу салық режиміндегі" номинациясы бойынша – «БАХЫТЖАН» өндірістік кооперативі ;

- "Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режиміндегі" номинациясы бойынша - «Көктерек» жай серіктестігі,

- ңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режиміндегі – өндіріс" номинациясы бойынша - «Карима» ЖШС,  

- "Салық салудың жалпыға бiрдей режимі - сауда" номинациясы бойынша -  Аметжанов Байкен Шамшатович,

- "Салық салудың жалпыға бiрдей режимі - өндіріс" номинациясы бойынша – «Электрокомплекс-1» ЖШС,

- "Салық салудың жалпыға бiрдей режимі – көлік және байланыс" номинациясы бойынша "КамАвтоЛидер" ЖШС,  

- "Салық салудың жалпыға бiрдей режимі – қызмет көрсету" номинациясы бойынша - "Манкент шипажайы» АҚ,

- "Әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар" номинациясы бойынша – «Клиника Дау-Мед» ЖШС,

- "Тіркелген салық" номинациясы бойынша - "Фанки Таун Шымкент" ЖШС,

- "Акциздер" номинациясы бойынша – «Sigma Brau» ЖШС,

- "Жер қойнауын пайдаланушылар" номинациясы бойынша - "Энергоорталық-3" АҚ,

- "Шетел компаниясы" номинациясы бойынша - "Delta Trans Group LLC" ЖШС (Дельта Транс Груп ЛЛС)";

- "Мониторингке жататын ірі салық төлеуші" номинациясы бойынша «АК SCAT» АҚ марапатталды.

 

ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.