Date of publication: 21.04.2019 18:43
Date of changing: 22.04.2019 11:09

Түркістан облысына жұмыс барысымен Қазақстан Республикасындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 1-ші Медиа орталығының төрағасы Төлеген Байғұлов келді. Кездесуге ҚР Қаржы министрлігіне қарасты  комитеттерінің Түркістан облысындағы департамент қызметкерлері, БАҚ  жəне "Рухани жаңғыру" ғылыми зерттеу орталығының өкілдері қатысты. Іс-шараның мақсаты - кірістер органдарындағы мемлекеттік қызмет көрсету ісіне және кейбір әлеуметтік нысандардың ашықтығына мониторинг жүргізу болатын. Сондай-ақ, ол қаржы министрлігіне қатысты қызметтердің жұмысымен танысып, олардың жариялылық деңгейіне көз жеткізді. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұратын қоғам қалыптастыруды реттеу және нөлдік төзімділік туралы айтылып,  "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында  "Өзгерістерді өзінен баста"  идеясы талқыланды.

Кездесуді қорытындылаған Т.Байғұлов бүгінгі таңда мемлекеттік қызмет көрсету саласында Алматы,  Талдықорған жəне  Түркістан облыстары бойынша кірістер департаменттерінің қызметтері алда екенін атап өтті. 

-"Сіздердің өңірлеріңіз тұрғындардың өмірін жеңілдететін жаңашылдығын үлгі етуге болады. Мәселен, Түркістан облысы бойынша МКД сайтында Кеден бекеттерінде орын алған автокөлік құралдарының кептелісі туралы ақпараттар жүйесін департамент сайттарында  дамытып,  жол кептелісінің іс жүзінде шешілгені қуантады".

Кездесу соңында бірқатар кірістер департаментінің қызметкерлері Алғыс хаттарымен марапатталды.

 

 

Түркістан облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті.