Date of publication: 04.05.2018 15:46
Date of changing: 04.05.2018 15:48

Жеке табыс салығы (бұдан әрі - ЖТС)

«Жеке табыс салығы» тарауы екі редакцияда көзделген:

Қолданысқа енгізу туралы заңымен 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарына дейін;

2020 жылғы 1 қаңтарынан бастап бірыңғай декларацияны ескере отырып – Салық кодексімен.

319-бабы 2-тармағымен және Қолданысқа енгізу туралы заңымен ЖТС салудан жеке тұлғаның:

9)-тармақша - Жұмыс беруші контрагентпен жұмыскерлерді жұмыс орнына дейін және кері қарай жеткізу бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарт жасасу талаптарын сақтаған кезде жұмыс берушінің жұмыскерлердi Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты (болатын) жерiнен жұмыс орнына дейiн және керi қарай жеткiзумен байланысты шығыстары босатылады;

47)-тармақша – 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 41)-тармақша. Резидент-жеке тұлғаның кірістерінен есептелген және салық агенті оны ұстап қалмай, өз қаражаты есебінен төлеген, осы Кодекстің ережелеріне сәйкес ЖТС, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарының сомалары босатылады. Бұл ретте, жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы салымдары түріндегі табыстарын босату 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді;

48)-тармақша – 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 43)-тармақша. Операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болып табылатын Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту саласындағы мемлекеттік бағдарламаға, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен бағдарламаларға сәйкес кәсіпкерлік субъектілерді мемлекеттік қаржылай емес қолдау түрінде бюджеттік қаражат есебінен алынған көрсетілетін қызметтердің құны босатылады. Бұл ретте аталған норма ретроспективті түрде енгізілген 2012 жылғы 1 қаңтарынан бастап. («Атамекен» ҰКП және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның қызметтері);

49)-тармақша – 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 42)-тармақша. Талап ету құқығын екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым иемденген кредит (қарыз) бойынша міндеттемелер тоқтатылған кезде түзілген: негізгі борышты кешіру, сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру түріндегі кіріс босатылады. Аталған норма ретроспективті түрде енгізілген 2017 жылғы 11 наурыздан бастап енгізілген.

320-баптың 2-тармағымен Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған дивидендтер түрiндегi кірістерге 10 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салынады деп белгіленген.

331-баптың 7-тармағы 3)-тармақшасымен 331-баптың 6-тармағында көрсетілмеген мүлікті сатып алу бағасы(құны) болмаған кезде, 331-баптың 1-тармағының 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген мүлік бойынша – осындай мүлікті өткізу бағасы(құны) болып құн өсімінен түсетін кіріс табылады деп көзделген.

Тұрғын емес үйді (ғимаратты) өткізетін, дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға салған тұрғын емес үйді (ғимаратты) өткізген кезде осындай мүлікті өткізу бағасы (құны) мен осындай тұрғын емес үйді (ғимаратты) салу үшін сатып алынған жер учаскесінің құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын, бұрын тұрғын үйден (ғимараттан) реконструкцияланған тұрғын емес үй (ғимарат) өткізілген жағдайда, осындай мүлікті өткізу бағасы (құны) мен оны тұрғын үй (ғимарат) ретінде сатып алу құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

341-баптың 1-тармағымен 2018 жылғы 1 қаңтарынан бастап салық салынуға жататын жеке тұлғаның кірісін түзету көзделген:

18)-тармақша - күнтізбелік жыл iшiнде салық агенті жүргізген әрбiр төлем түрi бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақының 8 еселенген мөлшері шегiндегі:

жеке тұлға медициналық көрсетілетін қызметтерді (косметологиялықтан басқа) алғанын және оларға төленген нақты шығыстарын, немесе ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру шарты және ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларының төленгенін растайтын құжат болған кезде жұмыс берушінің ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру шарттары бойынша жұмыскердің пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге арналған шығыстарын растайтын құжаттарды берген кезде – жеке тұлғаның медициналық көрсетілетін қызметтерге (косметологиялықтан басқа) шығыстарын жабу үшiн;

жұмыскер баланың (балалардың) тууы туралы куәліктің (куәліктердің) көшірмесін берген кезде – баласы туылған кезде жұмыскерге материалдық көмек көрсету түріндегі;

жұмыскердің немесе оның отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының қайтыс болуы туралы анықтама немесе қайтыс болуы туралы куәлік болған кезде – жұмыскерді немесе оның отбасы мүшелерін, жақын туыстарын жерлеуге арналған төлемдер;

37-тармақша) – 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 41)-тармақша. Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша:

сақтандыру сыйлықақылары жеке тұлға жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына және (немесе) жұмыс беруші жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жұмыскердің пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықақылары есебінен төленген сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын;

47-тармақша) – 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 51)-тармақша. Гранттар қаражаты есебінен төлемдер (еңбекке ақы төлеу түріндегі төлемдерден басқа). Аталған норма ретроспективті түрде 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген.

48-тармақша)  - түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаға осындай сынықтар мен қалдықтарды өткізуден түсетін кіріс – осындай кіріс сомасының 85 пайызы мөлшеріндегі кіріс.

37-тараумен салық шегерімінің түрін, оны қолдану тәртібін және растаушы құжаттардың талдап тексерумен салықтық шегерімдер белгіленген.

Солайша, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап келесі салық шегерімдер бекітілген:

1) міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салықтық шегерім – Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде;

2) зейнетақы төлемдері және жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша салықтық шегерім;

3) стандартты салықтық шегерімдер (бұдан әрі – стандартты шегерімдер);

4) өзге салықтық шегерімдер (бұдан әрі – өзге шегерімдер), олар:

ерікті зейнетақы жарналары бойынша салықтық шегерімді;

медицинаға арналған салықтық шегерімді;

сыйақылар бойынша салықтық шегерімді қамтиды.

343-баптың 1-тармағымен міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салықтық шегерімді қоспағанда, салық агенті салықтық шегерімдерді төлем көзінен:

1) жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтініші;

2) растайтын құжаттардың көшірмелері негізінде қолданады деп көзделген. Сонымен бірге, Қолданысқа енгізу туралы Заңның 33-бабымен баяндалған қолданыстағы редакциядағы Салық кодексімен,  өтінішті бекіту көзделмеген, жеке тұлға өтінішті салық агентіне дербес нысанда жұмысқа қабылдау кезінде береді.

343-баптың 3-тармағымен жеке тұлға салықтық шегерімнің белгілі бір түрін бір салық агентінде ғана қолдануға құқылы деп белгіленген. Сонымен бірге, 343-баппен салықтық шегерімдерді салық агентінде жеке тұлғамен берілген өтініштің және растаушы құжаттардың көшірмелердің негізінде қолдану ерекшеліктері белгіленгендігін ескере отырып, Салық кодексінің 343-бабы 3-тармағының ережесі міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салықтық шегерімдерді қолдануға таралмайды. Сәйкесінше, жеке тұлғаның бірнеше салық агенттерінде  міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салықтық шегерімдерді қолдануға құқығы жоқ.

343-баптың 4-тармағының ережесі 2018 жылғы 1 қаңтарынан бастап пайда болған салық міндеттемесіне қатысты қолданылады. 2018 жылғы 1 қаңтарына дейінгі салық салуға жататын кірістерді қайта есептеу Салық кодексінің 48-бабымен белгіленген талап қою мерзімінің шегінде жүргізіледі.

353-баптың 7-тармағымен қызметкердің салық салынатын кірісінің сомасынан салықтық шегерімдердің асып кету сомасын және оның салықтық кезеңдерде салық салынатын кіріс есебінен өтеу үшін күнтізбелік жыл шегінде кейінгі салықтық кезеңдерге ауыстыру тәртібі белгіленген.

363-баптың 1-тармағы 11) және 12) тармақшаларымен  ЖТС бойынша декларацияны резидент-салық төлеушілер тапсырады есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі шетел банктеріндегі банктік шоттарында ЕТЖ-ның 12 еселенген мөлшерінен асатын сомада ақшасы бар Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар және 363-баптың 1-тармағының 12) тармақшасында белгіленген жеке құқықтағы мүлік;

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 43-бабы 1-тармағының ережелерін ескере отырып, 2017 жылға ЖТС бойынша декларацияны Салық кодексінің 363-бабы 1-тармағымен көзделген тұлғалар тапсырады.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап бірыңғай декларация шеңберінде келесі салықтық шегерімдер белгіленген:

1) міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салықтық шегерім – Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде;

2) зейнетақы төлемдері және жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша салықтық шегерім;

3) стандартты салықтық шегерімдер (бұдан әрі – стандартты шегерімдер);

4) өзге салықтық шегерімдер (бұдан әрі – өзге шегерімдер), олар:

ерікті зейнетақы жарналары бойынша салықтық шегерімді;

медицинаға арналған салықтық шегерімді;

сыйақылар бойынша салықтық шегерімді қамтиды (2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ТҚБ-дан ғана емес басқа да банктерден алынған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйыақы бөлігінде кеңейтілген).

Салық кодексінің 342-бабы 3-тармағымен  салық агентінде немесе жеке тұлғамен күнтізбелік жылда көпбалалы отбасылар үшін қолданылған салықтық шегерімнің және басқа да шегерімдердің жалпы шекті мөлшері 48 ЕТЖ-дан аспауы тиіс деп белгіленген.

331-баптың 7-тармағы 3)-тармақшасымен тұрғын емес үйді (ғимаратты) өткізетін, дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға салған тұрғын емес үйді (ғимаратты) өткізген кезде осындай мүлікті өткізу бағасы (құны) мен осындай тұрғын емес үйді (ғимаратты) салу үшін сатып алынған жер учаскесінің құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады деп белгіленген.

331-баптың 7-тармағы 3)-тармақшасымен    кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын, бұрын тұрғын үйден (ғимараттан) реконструкцияланған тұрғын емес үй (ғимарат) өткізілген жағдайда, осындай мүлікті өткізу бағасы (құны) мен оны тұрғын үй (ғимарат) ретінде сатып алу құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады деп белгіленген.

«Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау» 71-тарауымен күнтізбелік жылдың және активтері және міндеттері туралы декларацияны тапсыру нәтижесі бойынша жеке тұлғаның салық салынатын кірісін анықтау тәртіптері белгіленген (жеке тұлғалардың мүлкінің бар болуы туралы фактіні декларациялау жүйесіне кіру жылының алдындағы  жылдың 31 желтоқсанына тіркеу (бір рет), жылдық кірістерді және мүлікті сатып алу немесе сату фактісін декларациялау  (жыл сайын)).

Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалардың (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, кәсіпқой медиаторлар) есептік құжаттаманы, оның ішінде шығыстар бойынша  жүргізу міндеттемесін белгілеумен «кірістерден шығыстарды алып тастау» салық салу тәртібіне өту көзделген.

 

 

Әлеуметтік салық (482-489-баптар)

485-бабы 2-тармағының 3)-тармақшасы. Есепті салық кезеңінде табысы болмаған салық төлеушілер, әлеуметтік салық төлеуге міндетті емес

482-бабының 2-тармағы. Есту, сөйлеу және көру жоғалуына, патент негізінде, немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушiлер, сондай-ақ тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек жұмыспен мамандандырылған ұйымдар әлеуметтiк салық төлеушiлері болып табылмайды.

Әлеуметтік салық ставкалары:

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 9,5 пайыз;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 11 пайыз.

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап, пайдаланылмаған жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы үшін қызметкерлерге жұмыс берушінің төлеген өтемақы әлеуметтік салықты қолдану жатады.