Date of publication: 24.02.2016 15:03
Date of changing: 23.05.2018 10:21

Бақылау-кассалық машиналарын қолдану.

         166- баппен (енгізу туралы Заңның 22-бап) бақылау-касса машиналарын қолдануға міндетті  салық төлеушілер санаттары өзгертілді:

            - осы талапты ашық сауда рыноктарының аумағында тұрақты емес сауда объектілері арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін арнаулы салық режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға тарату – 01.01.2019 жылдан бастап күшіне енеді;

            - патентке негізделген арнаулы салық режимін пайдалану арқылы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға осы талап – 01.01.2020 жылдан бастап күшіне енеді;

            - екінші деңгейдегі банктерді осы санаттан шығару – 01.01.2018 жылдан бастап күшіне енді;

167-баппен (енгізу туралы Заңның 23-бабы) салық органдарында бақылау-кассалық машиналарды тіркеу кезінде ұсынылатын талаптар өзгертілді (қызмет түрлеріне қарамастан қолдану орны бойынша салық органында есепке қою қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілерді қоспағанда, тек қана деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары жатады) – 01.01.2018 жылдан бастап күшіне енеді;

салық органдарында бақылау-кассалық машиналарды тіркеу тәртібі өзгертілді (деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын салық органында қолдану орны бойынша тіркеу фискалды деректер операторының мәліметтері негізінде жүзеге асырылады) – 01.01.2024 жылдан бастап күшіне енеді;

01.01.2024 жылға дейін деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануға барлық салық төлеушілердің өтуін  қамтамасыз ету мақсатында, ҚР ҚМ МКК қызмет түрлерін жыл сайын кеңейту арқылы кезең-кезеңмен көшу әзірленді.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұлттық куәландыру орталығының (ҰКО) электрондық сандық қол қойылуына біркелкі көшу мақсатында электронды салық төлеушілер ретінде тіркеу есебі қысқартылды.