Date of publication: 31.05.2018 09:57
Date of changing: 31.05.2018 10:13

Еуразиялық экономикалық одағының Кеден кодексі 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшін енді. Еуразиялық экономикалық одағының Кеден кодексі Еуразиялық экономикалық одағында бірыңғай кедендік реттеуді қамтамасыз етеді.

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) жаңалықтарының бірі, Еуразиялық экономикалық одағының тауарларын (бұдан әрі – Одақ тауарлары) ЕЭО кеден аумағының бір бөлігінен ЕЭО мүшесіне жатпайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы және (немесе) теңізбен ЕЭО кеден аумағының басқа бөлігіне тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит кеден рәсімін қолдану, аяқтау және тоқтату ерекшеліктері туралы Кодекстің 304 бабына сәйкес құру болып табылады.

Кодекстің 304-бабының 5-тармағына сәйкес, Одақ тауарларын кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастыруына байланысты кедендік операциялар, келесі жағдайларда көрсетілген тауарлардың жіберушісі орналасқан кеден органының аумағында ғана жасалады:

  • Одақ тауарлары жолаушылар пойыздарының құрамына кіретін почта және багаж (почта-багаж) вагондары арқылы тасымалданатын жағдайлардан басқа Одақ тауарлары теміржол арқылы тасымалданады;
  • ЕЭО-на мүше мемлекетте кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар, мұндай тауарларға арналған кедендік баждардың ставкалары белгіленеді;
  • Одақ тауарларын тасымалдау шарттары ЕЭО-ның мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтарындағы жүк операцияларының орындалуын көздейді.

Одақ тауарларының ЕЭО кеден аумағынан кету орындарында орналасқан шекара өткiзу пункттерiнде көлiк құралдарының кептелуін болдырмау мақсатында мүдделі тұлғалардың Кодекстің талаптарын сақтауды және тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастыруды ЕЭО кеден аумағынан кету орнында орналасқан кеден органына ұсыну керектігін Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті назарларыңызға жеткізеді.

 

Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру үшін пайыздар төлей отырып, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес шығарылған күннен кейінгі күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімге беріледі.

Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар төлемей, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу мынадай негіздердің бірі болған:

      1) кедендік әкелу баждарын төлеушіге дүлей зілзала, технологиялық апат немесе өзге еңсерілмейтін күш мән-жайлары салдарынан нұқсан келтірілген;

      2)кедендік әкелу баждарын төлеушіге мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру немесе осы тұлға орындаған мемлекеттік тапсырысқа ақы төлеу кідіртілген;

      3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде өнім берулер жүзеге асырылған;

     4)Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын ұйымдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік бөліп төлеу берілуі мүмкін көрсетілген тауарлардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес кодтары көрсетілген тізбесін Комиссия айқындайды;

      5) Комиссия айқындайтын өзге де негіздер болған кезде тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес шығарылған күннен кейінгі күннен бастап алты айдан аспайтын мерзімге беріледі.

Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар төлей отырып, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу өнеркәсіптік қайта өңдеуде пайдалану үшін тауарларды

Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес кодтары көрсетілген тізбесі, сондай-ақ осындай тауарларды өнеркәсіптік қайта өңдеуге пайдалануға арналған тауарларға жатқызу шарттарын Комиссия айқындайды.

 

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 191-бабында  кеден органы лауазымды адамының кедендік декларацияларды толтыруы қарастырылған.

Яғни, тауарларды кедендік декларациялау мақсаттары үшін тұлғаның таңдауы бойынша кеден органы лауазымды адамының транзиттік декларацияны, жолаушыларға арналған кедендік декларацияны, көлік құралына арналған декларацияны, сондай-ақ тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасаған кезде тауарларға арналған кедендік декларацияны толтыруына мүмкіндік берілген.
Кеден органы лауазымды адамының көрсетілген кедендік декларацияларды толтыру жағдайлары мен тәртібін, сондай-ақ осындай толтыруға байланысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктерін уәкілетті орган бекітеді.

 

Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау тәртібі

      1. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау тәртібі осы тарауда айқындалады.

      2. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді уәкілетті орган не уәкілетті орган айқындаған кеден органы (кеден органдары) қабылдайды.

      3. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім белгілі бір марканы, модельді, артикулды және түрленімді қамтитын тауардың әрбір атауы бойынша қабылданады.

      4. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімнің нысанын, оны толтыру және тауарларды сыныптау туралы осындай алдын ала шешімге өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібін Комиссия айқындайды.

      5. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді алған тұлға оны жоғалтқан жағдайда, кеден органы тауарды сыныптау туралы жоғалтылған алдын ала шешім туралы мәліметтер қамтылған өтініш негізінде, өтініш кеден органына келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мұндай тұлғаға тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімнің телнұсқасын береді.

Телнұсқаны берген кезде алдын ала шешім қабылдау үшін кедендік алым алынбайды.

Телнұсқаны алу үшін өтініш иесі тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдаған кеден органына еркін нысанда, электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде өтініш береді.

Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімнің телнұсқасында алдын ала шешімнің түпнұсқасында қамтылған барлық мәліметтер, оның ішінде тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімінің тіркеу нөмірі мен қабылданған күні көрсетіледі және "Телнұсқа" деген белгі қойылады.

Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім телнұсқасының қолданыс мерзімі тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім түпнұсқасының қолданыс мерзімі болып табылады.

 

Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш

      1. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді кеден органы тұлғаның (бұдан әрі осы тарауда – өтініш иесі) уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша, электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берген, тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініші негізінде қабылдайды.

      2. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш тауардың толық коммерциялық атауын, фирмалық атауын (тауар белгісін), негізгі техникалық және коммерциялық сипаттамаларын және тауарды біржақты сыныптауға мүмкіндік беретін өзге де ақпаратты, сондай-ақ тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау үшін кедендік алымның төленгені туралы мәліметті қамтуға тиіс.

Қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берілген тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтінішке тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау үшін кедендік алымның төленгені туралы құжаттың көшірмесі қоса беріледі.

Қажет болған жағдайда, кедендік сараптама жүргізу үшін тауардың сынамалары және (немесе) үлгілері, сондай-ақ фотосуреттері, суреттері, сызбалары, бұйымдардың паспорттары және тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау үшін қажетті, өтініш иесінің мөрімен (ол болған жағдайда) куәландырылған басқа да құжаттар ұсынылады.

Кеден органы тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтінішке қоса берілген, қазақ немесе орыс тілі болып табылмайтын тілде жасалған құжаттарда қамтылған мәліметтердің аудармасын талап етуге құқылы.

Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау кезінде кедендік сараптама тағайындау тәртібі мен жағдайларын уәкілетті орган бекітеді.

      3. Егер өтініш иесі ұсынған құжаттар мен мәліметтер тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау үшін жеткіліксіз болса немесе толық көлемде ұсынылмаса, кеден органы тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш кеден органына келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш иесіне қосымша ақпарат ұсыну қажеттігі туралы сұрау салу жібереді.

Қосымша ақпарат кеден органы өтініш иесіне қосымша ақпарат ұсыну қажеттігі туралы сұрау салу жіберген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірілмей ұсынылуға тиіс.

      4. Егер қосымша ақпарат белгіленген мерзімде ұсынылмаса не ұсынылған қосымша ақпаратта тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдауға мүмкіндік беретін мәліметтер қамтылмаса, кеден органы тауарды сыныптау туралы мұндай алдын ала шешім қабылдаудан бас тартады және бұл туралы өтініш иесін бас тарту себептерін көрсете отырып хабардар етеді. Бұл ретте тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау үшін өтініш иесі төлеген кедендік алым қайтарылмайды.

      5. Кеден органы тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысан бойынша тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналында тіркейді.

 

(«АСТАНА-1» АЖ) кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесін іске қосу

 

Кедендік шекара арқылы тауарлардың және автокөлік құралдарының жылдам өтуімен және кедендік декларациялаумен байланысты кедендік операциялардың жүргізілу уақытын қысқарту, сондай-ақ, транзиттік әлеуетті ұлғайту мақсатында, 2017 жылдың 1 қазанынан бастап транзиттік декларацияны ресімдеу бойынша «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінің пайдалануы енгізілді.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап аталған жүйеде «Экспорт-10» кедендік рәсімі бойынша тауарларды кедендік декларациялау бойынша модулі іске қосылды. 

Алдын-ала ақпараттандыруды ұсынған сәттен бастап, транзитті ресімдеу, тауарларды шығарғаннан кейінгі бақылауға дейін тауарларды уақытша сақтау қоймаларында сақтауға дейінгі барлық кедендік процестерге автоматтандырылған бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігін қосқанда, «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінің бірнеше артықшылықтары бар.«АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі тәуекелдер болмаған жағдайда тауарларға арналған декларацияны автоматты түрде шығарады. Осылайша, тауарларды «Экспорт» кедендік рәсімі бойынша ресімдеу барысында жүйе автоматты түрде «жасыл», «сары» немесе «қызыл» дәліздерін анықтайды. «Жасыл» дәліз таңдалған уақытта жүйемен автоматты түрде тауарлар шығарылады.Барлық іс-әрекеттер 1 – 2 минут ішінде жүргізіледі және процеске лауазымды тұлғалардың араласуы алынып тасталған.

Аталған жүйенің іске қосылуы өзінің оң нәтижелерін көрсетті.

Атап айтсақ, кедендік операциялардың жүргізілу уақыты едәуір қысқарған,  жүйе кедендік рәсімдер бойынша талдау жүргізуге мүмкіндік беретін операциялардың ашықтығын көрсетті.

Электронды декларациялау жүйесінің іске қосылуы құжаттар санының қысқаруына мүмкіндік туғызды және СЭҚ қатысушыларына ғимараттарынан шықпай ақ электронды түрде алдын-ала ақпараттандыруды және кедендік декларацияны беру мүмкіндігін берді, сондай-ақ, СЭҚ қатысушылары экспортталатын тауарларға қатысты жүргізіліп жатқан операцияларды қадағалауына болады.  

Бүгінгі таңда, аталған жүйеде «Транзит» және «Экспорт» модульдері іске қосылған және олар бойынша 22 221 транзиттік декларация, «Экспорт» кедендік рәсімі бойынша 1 010 тауарларға арналған декларация ресімделген. 

2018 жылдың 1 наурызынан бастап қалған кедендік рәсімдері бойынша модільдерді іске қосу жоспарлануда.

«АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде барлық кедендік рәсімдерді іске қосу, СЭҚ қатысушыларына уақыттық және қаржылай шығындарды азайтуғамүмкіндік береді, кедендік операциялардың уақытын азайтады.