Date of publication: 04.05.2018 15:16
Date of changing: 04.05.2018 15:17

Ойын бизнесіне салық (534-542 баптар)

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық салық салынатын объектілер бойынша ойын бизнесіне салынатын салық мөлшерлемесі 2 есеге көтерілді, мөлшерлемесі 1,5 есеге көтерілген букмекерлік кеңселердің электрондық кассаларын қоспағанда.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ойын бизнесінің субъектілерінің айналымдары ҚҚС салуға жатады.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ойын бизнесінің субъектілері КТС төлеушілер болып табылады, сонымен қатар қосымша төлем күшін жояды.

 

Тіркелген салық (550-554 баптар)

Қосылған қызмет түрі – айырбастау бекеттерінің қызметі (салық салу объектісі – айырбастау бекеті). Салық мөлшерлемесі аймақтарға байланысты (1-Астана, Алматы, 2-арнайы аймақ, аумағында шекарадан өткізудің автомобильдік бекеттері орналасқан елді мекендер, 3 - қалған елді мекендер).

2020 жылдың 1 қаңтарынан тіркелген салық жойылады.