Date of publication: 04.05.2018 16:48
Date of changing: 04.05.2018 16:49

Акциздер (463-481-баптар)

463-баппен акциз ставкалары белгіленеді. Сонымен бірге Қолданысқа енгізу туралы Заңның 43-бабында акцизделетін өнімдердің белгілі бір түрлеріне акциздердің мөлшерін өзгерту көзделген.

Алкоголь өніміне (коньяктан, брендиден, шараптан, шарап материалынан, сырадан және сыра сусынынан басқа) акциздер 2018 жылы - 2275 теңге/литр 100% спирт, 2019 жылдан бастап - 2 550 теңге/литр 100% спирт, сыра және сыра сусындарына акциз 2018 жылы - 48 теңгені құрайды, 2019 жылдан бастап 57 теңге мөлшерлеме көзделген.

Фильтрлі сигареттерге, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға акциздер 2018 жылы.- 7 500 теңге/1000 дана, 2019 жылы - 8 700 теңге/1 000 дана, 2020 жылы.- 9 900 теңге/1 000 дана, 2021 жылы -11100 теңге/1 000 дана құрайды, 2022 жылдан бастап 12 300 теңге /1 000 дана мөлшерлемесі көзделген.

Қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және өзгелер) акциз 2018-2019 жылдары 0 теңгені көздейді, 2020 жылдан бастап 7345 теңге/1 кг темекі қоспасы құрайды.

Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтықтарға акциз 2018-2019 жылдары - 0 теңгені құрайды, 2020 жылдан бастап – 5 теңге /миллилитр сұйықтық мөлшерлемесі көзделген.

Статьями 555-558 бұрын қолданылған жыл сайынғы лицензиялық алымның орнына жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды пайдаланғаны үшін төлем енгізілді.

Алкоголь өнімін сатуға лицензиясы бар төлеушілер ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірмей тең үлестермен төлем сомасын өзінің орналасқан жері бойынша төлейтін болады. Бұдан басқа алкоголь өнімін бөлшек сатушылар үшін астанада, республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында төлем мөлшері – 100 АЕК, басқа қалалар мен кенттерде – 60 АЕК, ауылдық елді мекендерде – 20 АЕК деп белгіленді. Лицензия алған кезде төлемді төлеу жөніндегі міндеттеме лицензия алған жылдан кейінгі келесі күнтізбелік жылдан бастап туындайды.

Осы қызмет түрлеріне лицензия алған кезде төленетін лицензиялық алым бойынша мөлшерлемелер мен салық салынатын объектілер өзгеріссіз қалғанын атап өткен жөн.