Date of publication: 01.06.2018 15:49
Date of changing: 14.11.2018 10:43

«100 нақты қадам - Ұлт жоспарына» сәйкес кәсіби мемлекеттік аппарат құру шеңберінде мемлекеттік органдарда Әдеп кодексінің сақталуын жүзеге асыру мақсатында Әдеп жөніндегі уәкіл институты енгізілген.

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Әдеп жөніндегі уәкіл функцияларын орындау бөлім басшысы Айтымбетов Нышанбек Алиұлына жүктелген.

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері мен мемлекеттік кірістер органдарымен қарым-қатынаста болатын тұлғалар (салықтөлеушілер, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар) ықтимал мүдделер қақтығыстары немесе басқа да әдеп ережелерін сақтау мәселелері бойынша, сондай-ақ Департаменттің, кеден бекеттері мен аумақтық мемлекеттік кірістер басқарма қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттері мен Әдеп ережелерін сақтамау фактілері бойынша Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Н.Айтымбетовке тікелей жүгіне алады.

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп жөніндегі уәкіл функцияларын орындаушы Н.Айтымбетов қызметкерлер мен азаматтарды әр жұма күні сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін Түркістан қ., Тәуке хан даңғылы, 135А (306 қызмеметтік бөлмесінде) қабылдайды немесе 8(725-33) 2-58-33 жұмыс телефоны арқылы әңгімелесу жүргізеді: (электрондық пошта n.aytymbetov@kgd.gov.kz).