Date of publication: 12.12.2018 15:42
Date of changing: 12.12.2018 15:44

Түркістан облысының барлық аудандары мен қалаларында семинарлар өткізілуде

 

Ағымдағы жылдың 10 желтоқсанынан бастап Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері облыстың барлық аудандары мен қалаларында салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға арналған семинарлар өткізуді бастады.

          А.ж. 10-12 желтоқсан аралығында семинарлар Мақтарал, Жетысай, Шардара, Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Созақ және Бәйдібек аудандарында өткізілді.

Семинарда салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың назарына салық, кеден және басқа да бірқатар заңнамалармен көзделген қазіргі таңда көкейтесті және өзекті сұрақтар жеткізілді, оның ішінде,  ағымдағы және келесі жылдан бастап ақшалай есеп айырысулар кезінде онлайн БКМ қолдану міндеті туындайтын қызмет түрлері, интернет арқылы тауарлармен электрондық сауда жасайтын салық төлеушілерге арналған жеңілдіктер, салықтарды электронды түрде төлеу бойынша қарастырылған мүмкіндіктер, электрондық шот-фактураға тіркелудің артықшылықтары, мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алу мүмкіншілігі туралы, ауылдардың (селолардың), кенттердің, аудандық маңызы бар қалалардың деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджеті туралы, дара кәсіпкерлерді тіркеу және қызметін тоқтату мәселелері, жергілікті салықтарды төлеу мерзімдері бойынша және осы бағытта жедел жауап алу және бақылау-касса машинаны қолданбауға,  чекті ұсынбауға қатысты салық төлеушілерге шағымдар жолдау мақсатында қосылған «WhatsApp» мессенджері туралы, 2018 ж. салық есептілігі нысандарын жасау туралы сұрақтар қамтылды.

Сонымен қатар, жылдың аяқталуына аз уақыт қалғанын ескере отырып, 2019 жылға патент алу үшін патент құнының есеп-қисабын салық органдарына тапсыру мерзімін бұзбау мақсатында, патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерге патент құнының есеп-қисабын тапсыру қажеттілігі жеткізілді.

Семинар барысында, салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарына Департамент қызметкерлерімен жауап берілді.

Мұндай семинарлар облыстың басқа да аудандары мен қалаларында жалғастырылады.

 

Түркістан облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті