Date of publication: 21.05.2020 15:14
Date of changing: 21.05.2020 15:53

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті,  «Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында короновирус инфекциясымен сырқаттануды алдын-алу бойынша шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы № 36 Қаулысына сәйкес, коронавирус инфекциясының таралу қаупіне байланысты, Мемлекеттік кірістер басқармаларында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушыларға қызмет көрсету Регламентінің өзгергеніне назар аударады.

Осылайша, "электрондықүкімет" порталы, салықтөлеушініңкабинеті, мемлекеттіккірістероргандарыныңақпараттықжүйелеріарқылыэлектрондықтүрдежүзегеасырылғанМемлекеттікқызметтердікөрсету тек электрондықтүрдежүзегеасырылады.

Электрондық түрде жүзеге асырылмаған мемлекеттік қызмет көрсету (кіріс құжаттарын қабылдау) 2 тәсілмен жүзеге асырылады:

- "электрондық үкімет" порталы арқылы өтініш беру сервисі арқылы.

- келу уақытын алдын ала брондау арқылы келу тәртібімен:

1) кезектерді басқарудың электрондық жүйесі орнатылған мемлекеттік кірістер басқармаларының қызмет көрсету орталықтарында мына мекенжай бойынша МКК сайты арқылы кезекті брондау арқылы: https://kgd.gov.kz/ru/services/online-reservation;

2) кезектерді басқарудың электрондық жүйесі жоқ мемлекеттік кірістер басқармаларының қызмет көрсету орталықтарында тиісті МКБ байланыс орталығының нөмірлеріне қоңырау шалу арқылы алдын ала брондау бойынша (сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін түскі үзіліспен).

Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарында қызмет көрсету тоқтатылды.

Регламент оның күшін жою туралы ерекше нұсқауға дейін қолданылады.

 

 

 

     Аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларындағы байланыс орталығы телефондары келесі сілтемеде: http://trk.kgd.gov.kz/silteme/

 

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті