Date of publication: 21.04.2020 13:50
Date of changing: 21.04.2020 13:55

Әлеуметтік төлемдерге әлеуметтік салық салынады ма

   

 

Еліміздегі төтенше жағдайдың орыналуына байланысты кірісін жоғалтқан азаматтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жаңа әлеуметтік төлем тағайындалған.

Келіп жатқан сұрақтарға байланысты, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті осындай төлемдерден әлеуметтік салық неге салынбайтыны туралы түсіндірме берді.

Салықкодексінің 482-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгiленбесе, ҚР-ның резидент-заңды тұлғалары әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады.

Салық кодексінің 484-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес мыналардың:

1) жұмыскердің Салық кодексінің 322-бабының 1-тармағында көрсетілген кірістері (оның ішінде жұмыс берушінің осы Салық кодекінің 644-бабы 1-тармағының 20), 23) және 24) тармақшаларындакөрсетілгеншығыстары) бойыншажұмысберушінің;

2) Салық кодексінің 220-бабының 7-тармағында көрсетілген шетелдік персоналдың кірістері бойынша салық агентінің шығыстары Салық кодексінің 482-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген төлеушілер үшін салық салу объектісі болып табылады.

 Демек, қызметкердің табыстары (еңбекақы) бойынша жұмыс берушінің шығыстары әлеуметтік салық салу объектісі болып табылады.

Төтенше жағдай кезеңінде МӘСҚ төленетін әлеуметтік төлемдерәлеуметтік салық салу объектісі болып танылмайды, тиісінше, оларға әлеуметтік салық салынбайды.