Date of publication: 10.01.2020 10:35
Date of changing: 10.01.2020 10:41

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 08.01.2019 жылғы жағдай бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде туындаған техникалық мәселелерге байланысты деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын (бұдан әрі-БКМ) тіркеуге/өзгерістер енгізуге/есептен шығаруға сұрау салуларды өңдеу кідіріспен жүргізілетінін хабарлайды.

БКМ тіркеуге берілген барлық өтініштер оларды ұсыну күнімен өңделеді.

Осылайша, салық төлеушілерге 2019 жылы сатып алынған онлайн БКМ құнына жеке табыс салығының сомасын азайту бойынша нормаларды (60 мың теңге мөлшерінде, бірақ жылдық салық сомасынан 50% артық емес) пайдалану құқығы қалады.

Ақпараттық жүйелердегі техникалық мәселелерге байланысты мемлекеттік органдар кінәнің жоқтығына байланысты салық төлеушілердің онлайн-БКМ қолданбауы үшін жауапкершілігін қарастырмайды. 

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.