Date of publication: 24.12.2019 18:15
Date of changing: 24.12.2019 18:16

Бірыңғай жиынтық төлем

 

Бірыңғай жиынтық төлем режимі формалды емес жұмыспен қамтылғандарға жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ кәсібін жүргізуге мүмкіндік береді.

БЖТ табыс табу үшін формалды емес кәсібін жүргізіп отырған жеке тұлғаларға, жалдамалы жұмыс күшін пайдаланбай дара айналысатын, қызмет көрсететін басқа жеке тұлғаларға, қосалқы шаруашылығын жүргізіп отырғандарға, үй жұмыскерлеріне арналған.

Төлеушінің төлейтін бірыңғай жиынтық төлемінің көлемі: республикалық маңызы бар қалаларда, елордада және облыстық маңызы бар қалаларда 1 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде  белгіленген;

Ауылды мекендерде - 0,5 АЕК көлемінде.

Бірыңғай жиынтық төлем жалпы сомамен ақшалай немесе банктер және жекелеген банк қызметін көрсететін ұйымдар арқылы «Азаматтарған арналған Үкімет» мемлекеттік корпорацияның банк есеп-шотына төленеді.

Мемлекеттік корпорация қаражат түскен күннен бастап үш операциялық күні ішінде БЖТ сомасын үлестіріп, тиісті салаларға аударады:         

- 10% - жеке табыс салығы;

-20 %  - әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар;

-30 % - Бірыңғайжинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарнасы

- 40 % - міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына аударымдар;

БЖТ төлеушілерге мынандай мүмкіндіктер жасалған: міндетті медициналық сақтандыру және аясында барлық медициналық қызмет түрлерін алу мүмкіндігі, зейнетақы жүйесінде еңбек өтілін жинап, базалық және жинақталған компоненттер есебінен үлкен көлемде зейнетақы алу мүмкіндігі, еңбекке жарамсыз болып қалған жағдайда, асыраушысынан айырылған жағдайда, жүктілік және бала туғанда, бала асырап алғанда немесе 1 жасқа дейін бала күтімінде отырғандарға Әлеуметтік сақтандыру қорынан сақтандыру төлемдерін алуға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы, өзінің кіріс көзін көрсете алудың арқасында азаматтардың несие төлеу мүмкіндігі артады. Яғни енді сіз жүйелі жарна төлей отырып, ресми түрде банктен несие ала аласыз.

 

Түркістан облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті