Date of publication: 24.12.2019 18:10
Date of changing: 24.12.2019 18:12

Отырар ауданында кездесу өткізілді

 

          23.12.2019 жылы Отырар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, «Атамекен» ҰКП, аудандық кәсіпкерлік бөлімімен бірлесе аудан кәсіпкерлерімен онлайн БКМ, POS-терминал қолдану тәртібі мен ережелері туралы кездесуде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында қолданыстағы заңнамаларды түсіндіре келе,  Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңының талаптарына сәйкес, төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауды қамтамасыз етуі міндеттелген қызмет түрлерінің тұлғалар тізбесімен таныстырылды.

Сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 194-бабымен көзделген төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдердi қабылдаудан бас тартуда қолданылатын шара, 195-бабымен көзделген дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болмауы себебімен кәсіпкерлерге қолданылатын әкімшілік шаралар туралы айтылды.

Тауарларды сатып алғаны, жұмыстарды орындағаны және қызметтерді көрсеткені үшін ақшалай есеп-айырысулар кезінде кәсіпкерлердің түбіртектерді беруіне қатысты бақылау-кассалық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған. Өз кезегінде, бақылау-кассалық машиналарды, POS-терминалды қолдану көлеңкелі экономиканы болдырмауға ықпал етеді, және салық төлеушілер арасында салық тәртібін талап ету негізінде бюджетке салық түсімдерін көбейту болып отыр.

 

 

Түркістан облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті