Date of publication: 15.10.2019 15:00
Date of changing: 15.10.2019 15:06

«Б.Қонысбаев» кеден бекетінде құрылыс жұмыстарының басталуы туралы хабарландыру

 

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен тасымалдаушылар назарына!

Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, қазақ-өзбек шекарасында орналасқан «Б.Қонысбаев» кеден бекетін қайта құру (құрылыс) жұмыстарының жүруіне байланысты, ағымдағы жылдың 01 қарашасынан бастап, аталған кеден бекеті арқылы жаяу өтетін жеке азаматтар, жеңіл автокөліктер, жолаушы автобустары және 3,5 тонна жүктемелейтін автокөлік құралдарын өткізу уақытша құрылыс жұмыстары біткенге дейін тоқтатылады.

ҚҰРМЕТТІ шекарадан өтетін азаматтар, СЭҚ қатысушылар мен тасымалдаушылар! Уақытша қолайсыз жағдайға кешірім сұрай отырып, «Б.Қонысбаев» кеден бекеті алдында автокөлік құралдарының шоғырлануымен, кезек күттіруді болдырмау және уақыттарыңызбен, қаражаттарыңызды үнемдеу мақсатында, Сіздерге Түркістан облысындағы «Атамекен», «Қапланбек», «Қазығұрт» және сонымен қатар Маңғыстау облысындағы «Тәжен» кеден бекеттері арқылы шекарадан өтуге кеңес береді.

 

Түркістан облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті