Date of publication: 20.11.2018 17:56
Date of changing: 20.11.2018 18:17

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 166 бұйрығымен 2018 жылға салық есептілігі нысандары және оларды жасау қағидалары бекітілгеніне назар аударады.

Аталған салық есептілігі нысандары және оларды жасау қағидаларымен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында «ҚР заңнамасы» / «Салық есептілігі нысандары» бөліміне кіріп, танысуға болады.

Бұл ретте, мысалға, коммерциялық емес ұйымдармен бұрын 130.00 нысанда тапсыратын корпоративтік табыс салығы  бойынша салық есептілігі жойылып, мұндай ұйымдар 2018 жылға 100.00 нысанды корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны «Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу»  Жаңа100.10-нысанын толтырумен тапсырады.

Одан басқа, Салық кодексімен 2018 жылы енгізілген «Бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық кірістеріне салық салу» бойынша 100.00 нысанды корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда 100.09 нысаны қарастырылған.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың шілде айында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер енгізілуіне байланысты, есепті тоқсан үшін кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей тоқсан сайын міндетті зейнетақы жарналарының, есептелген (есебіне жазылған) сомалары жөнiндегі мәліметтерді көрсете отырып, жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны (200.00 СЕН) азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыстар алатын жеке тұлғалар өздігінен тапсыруы тиіс.

 

Түркістан облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті