Date of publication: 04.03.2024 15:18
Date of changing: 04.03.2024 15:22

2023 жылды қорытындылау бойынша , 2024 жылғы 29 ақпанда Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мемлекттік көрсетілетін қызмет басқармасының  басшысы Ширинбекова Сәуле Абдашімқызы, Өндірістік емес төлемдер басқармасының  басшысы Көкенов Мейрамбек Байқадамұлы  Түркістан облысы  бойынша Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында 2023 жылдың қорытындысы, сонымен қатар   «2024 жылдан бастап күшіне енген салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер, жалпыға бірдей декларациялау, мобильді аударымдар» тақырыбында баяндама жасады.

 Облыс тұрғындары мен БАҚ өкірдерінің  кездесуі барысында Ширинбекова 2023 жылдың Салық түсімі, оның ішінде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген салық заңнамасындағы камералдық бақылау, жеке табыс салығы, мүліктік кіріс, мемлекеттік баж, цифрлық майнинг және т.б. бөлігіндегі негізгі өзгерістер туралы ақпаратпен бөлісті.

Айта кетейік Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен 2023 жыл қорытындысымен мемлекеттік бюджетке 537,6 млрд.тг. түсті. Нәтижесінде өсу қарқыны 137% құрап, 2022 жылдан 145,3 млрд.тг артық түсті. (2022 ж – 392,3 млрд.тг).

 Оның ішінде Республикалық бюджетке түскені – 388,5 млрд.тг, өсу қарқыны 138,9%, өткен жылдан 108,8 млрд.тг артық түсті. (2022 ж – 279,7 млрд.тг).

Жергілікті бюджетке түскені – 149,1 млрд.тг, өсу қарқыны 132,4%, өткен жылдан 36,5 млрд.тг артық түсті.(2022 ж – 112,6 млрд.тг).​

Әрине соңғы жылдары экономикамыз өсіп, облысымыз өркендеп келе жатқандығы түсімдерге де оң әсерін беруде.

Дегенмен барлық әлеуметтік бағдарламалардың толыққанды орындалуын қамтамасыз ету мақсатында және мемлекеттік бюджеттің кіріс жағын ұлғайту бағытында Департамент тарапынан 2023 жыл бойына салықтық және кедендік әкімшілендіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 29 млрд.тг. –ге жуық қосымша кіріс көздері анықталып, өндірілді.

Цифрандыру бойынша:

Мемлекеттік кірістер органдары көрсететін 42 қызметтердің 38 түрін электронды әдісте алу мүмкіндігі қарастырылғандығы тұрғындар мен бизнес өкілдеріне қолайлы жағдай туғызуда. Облыс бойынша 2023 жыл қорытындысымен 2 602 647 қызмет көрсетілсе, соның 2 602 340 немесе 99,9% электронды түрде көрсетілсе, 307 немесе 0,1% қағаз түрінде көрсетілген. Оның ішінде 1 366 564 қызмет салық саласы бойынша көрсетілген, 1 236 083 қызмет кеден саласы бойынша көрсетілген. Көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін облыстың 17 аумақтық басқармалар мен 8 кеден бекеттерінде жұмыс жасайтын қызмет көрсету орталықтары үнемі департамент тарапынан қатаң бақылауға алынып отырады.  Мемлекеттік кірістер органдарының қазіргі кездегі ұстанымы түсіндіру жұмыстарын жандандыру арқылы, салық мәдениетін көтеріп, мысалы 2023 жылы түсіндіру жұмыстары бағытында 9 мыңнан астам іс-шаралар өткізілген. Одан басқа департаментіміздің бірыңғай байланыс орталығы арқылы 29 мыңға жуық салық төлеушілер жүгініп, мәселелерін заңға сәйкес қарастырып, жедел шешу жұмыстары атқарылған. Яғни, біздің көздеген мақсатымыз салық және кеден саласындағы түсіндіру жұмыстарын жандандыру арқылы, заңбұзушылықтың алдын алып, салық төлеушілерге шаралар көруіне жеткізбей ескерте отырып, салық мәдениетін көтеру - деді Сәуле Абдашімқызы.

  Екінші спикер Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Өндірістік есмес төлемдер басқармасы басшысы Көкенов Мейрамбек Байқадамұлы

«Жалпыға бірдей декларациялауды енгізу» туралы баяндамасында :

Баяндама жасау барысында жалпыға бірдей декларациялаудың шеңберінде 250, 270 СЕН салық есептілігін табыс етудің тәртібі мен мерзімдерімен таныстырып, мобильді аударымдарға қатысты жиі қойылатын сұрақтарға түсінік берді.

Айтуынша:Облыс көлемінде -Жалпыға бірдей декларациялау:

- бірінші кезеңінде 25 мыңға жуық мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген және оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары активтер мен міндеттемелер туралы 250.00 үлгідегі декларация табыс етті.

- екінші кезеңінде 235 мыңға жуық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары активтер мен міндеттемелер туралы 250.00 үлгідегі декларация табыс етті.

- үшінші кезеңінде 2024 жылдан бастап 300 мыңға жуық заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары активтер мен міндеттемелер туралы 250.00 үлгідегі декларация табыс етілуі күтілуде.

- төртінші кезеңінде 2025 жылы қорытынды кезеңде азаматтардың қалған санаттары, яғни Түркістан облысының халқы 2 млн 100 мыңдай болса, 18-жасқа толған ересек саны 1 млн 200 мыңдай жеке тұлғаны құрайды.

Жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңінде мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары ҚР қолданыстағы заңдарында белгіленген 15-қыркүйегінде табыс етілмеген 10 870 жеке тұлға анықталып, №27 хабарлама жолданды.

Қазіргі таңда 7 000 жеке тұлға мерзімінен кешігіп табыс еткені үшін ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 272-бабының 1-ші тармағына сәйкес, ескерту шарасы көрілді. Қалған 3 870 жеке тұлғаларға декларация табыс етуіне жұмыстар жүргізілуде.

 Сонымен қатар, Департамент өкілдері 2024 жылдың 1 сәуірінде жеке тұлғалардың 2023 жыл үшін көлік салығын төлеу мерзімі аяқталатыны туралы салық төлеушілердің назарларына жеткізді.

Брифинг соңында спикер БКМ-де уақытты 1 сағатқа ауыстыруға қатысты ақпаратпен бөлісіп, БАҚ-тың, іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

 

Түркістан облысы бойынша МКД Баспасөз қызметі.