Жарияланған күні: 12.06.2020 10:15
Өзгертілген күні: 12.06.2020 10:17

Салық кодексінің 678-бабына сәйкес, шағын бизнес субъектілері үшін келесі арнаулы салық режимдері белгіленген:

  1. Патент негізіндегі арнаулы салық режимі  - төлем көзiнен ұстап қалатын салықтарды қоспағанда, жеке табыс салығын есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді (жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын, қызметiн жеке кәсіпкерлiк нысанында жүзеге асыратын және Салық кодексінің 685-бабымен қызмет түрлері шектелген);
  2. Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі  - төлем көзiнен ұстап қалатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтiк салықты, корпоративтiк немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді (салықтық кезеңдегі жұмыскерлердiң орташа тізімдік саны 30 адамнан аспауға тиіс);
  3. Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі - төлем көзiнен ұстап қалатын салықтарды қоспағанда, жеке немесе корпоративтік табыс салығын есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді (салықтық кезеңдегі жұмыскерлердiң орташа тізімдік саны 50 адамнан аспауға тиіс).

Жоғарыда көрсетілмеген, салық және бюджетке төленетін төлемдер бойынша салықтық есептiлiкті есептеу, төлеу және табыс ету жалпы белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Әлеуметтік төлемдерді есептеу "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.

 

Салықтық кезең:

  • Патент - күнтiзбелiк жыл;
  • Оңайлатылған декларация  - жартыжылдық;
  • Тіркелген шегерім - күнтiзбелiк жыл.

 

Салық салу объектiсi:

  • Патент - айлық есептік көрсеткіштің 3 528 еселенген мөлшерінен аспайтын (2020 жылға – 9 352 728 теңге) салықтық кезең үшiн алынған кіріс;
  • Оңайлатылған декларация - айлық есептік көрсеткіштің 24 038 еселенген мөлшерінен аспайтын (2020 ж. жартыжылдығына – 63 724 738 теңге) салықтық кезең үшiн алынған кіріс (республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 70 048 еселенген мөлшері шегіндегі, үш құрамдасты интеграцияланған жүйені міндетті түрде қолдана отырып, қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар арқылы алған кірістері қосылмайды).
  • Тіркелген шегерім - айлық есептік көрсеткіштің 144 184 еселенген мөлшерінен (2020 жылға 382 231 784 теңге) аспайтын, Салық кодекстің 691-бабының 4-тармағында көзделген түзетулерді есепке алғандағы кіріс пен Салық кодекстің 692-693 баптарында көзделген шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалатын салық салынатын кіріс.

 

Мөлшерлемелер:

  • Патент - салық салу объектісіне 1 пайыз мөлшерінде (үш құрамдасты интеграцияланған жүйені сатып алуға 60 000 теңге сомасына, бірақ есептелген салық сомасының 50 пайызынан асырмай азайту жағына түзетілуге жатады және осындай үш құрамдасты интеграцияланған жүйе алғаш рет орнатылған салықтық кезең үшін патент құнының соңғы есеп-қисабында жеке табыс салығының сомасын есептеу кезінде бір мезгілде бүкіл салықтық кезең үшін, сондай-ақ осындай сатып алудың салықтық кезеңінен кейінгі салықтық кезең үшін тұтас жүргізіледі).
  • Оңайлатылған декларация - салық салу объектiсiне есептi салықтық кезең үшін 3 пайыз мөлшерiнде;
  • Тіркелген шегерім – корпоративтік табыс салығы 20 пайыз (ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар бойынша – 10 пайыз); жеке табыс салығы – 10 пайыз. Сонымен қатар:
  • салық салынатын кірісті айқындау кезінде шегерімге жатқызылатын шығыстар сомасына Салық кодекстің 691-бабының 4-тармағында көзделген түзетулерді ескере отырып айқындалған кіріс сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшердегі тіркелген шегерім сомасын қосуға құқылы (тіркелген шегерімді қоса алғанда, шегерімге жатқызылатын шығыстардың жалпы сомасы Салық кодекстің 691-бабының 4-тармағында көзделген түзетулер ескеріле отырып, кіріс сомасының 70 пайызынан аспауға тиіс);
  • салық салынатын кірісті мүгедектердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалған шығыстардың 2 еселенген мөлшеріне және мүгедектер жалақысынан және басқа да төлемдерден есептелген әлеуметтік салық сомасының 50 пайызына азайтуға құқығы бар.
  • Заңды тұлға салық салынатын кірісін Салық кодексітің 695-бабымен белгіленген шығыс түрлеріне азайтуға құқығы бар;
  • салық салынатын кірісті айқындау кезінде шегерімге жатқызылуға тиіс жұмыскердің кірістері бойынша жұмыс берушінің есепті салықтық кезеңде есепке жазылған шығыстарының 1 еселенген мөлшеріне азайтуға құқығы бар (егер осындай салық төлеуші жұмыскерлерінiң есепті салықтық кезең үшін орташа айлық жалақысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 47 еселенген мөлшерінен асқан жағдайда).

 

Салықтық есептілікті тапсыру:

  • Патент - 911.00 нысандағы патент құнының есеп-қисабы ұсынылады: жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер – Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою үшін хабарлама берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей; жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге де арнаулы салық режимінен ауысуды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер – патент негізінде арнаулы салық режимі қолданылатын айдың 1-күніне дейін; кезекті патентті алу үшін патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер – алдыңғы патенттің қолданылу мерзімі немесе салықтық есептілікті табыс етуді тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін ұсынады.
  • Оңайлатылған декларация - салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей 910.00 нысандағы декларация тапсырылады.
  • Тіркелген шегерім – 912.00 нысанды декларация есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде тапсырылады.

 

Төлеу:

  • Патент - патенттің құнын төлеу есеп-қисап ұсынылғанға дейін жүргізіледі. Патент құнына жеке табыс салығы (төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығынан басқа) мен әлеуметтік төлемдердің төлеуге жататын сомалары қосылады.
  • Оңайлатылған декларация - жеке / корпоративтік табыс салығы (есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерiнде) мен әлеуметтiк салық (әлеуметтiк аударымдар сомасын шегергендегі есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерiнде) түрiнде есепті салықтық кезеңнен кейiнгi екінші айдың 25-күнінен кешіктірілмей жүргiзiледi. Әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтiк салық сомасы нөлге тең деп есептеледі. Оңайлатылған декларацияда төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығының және әлеуметтік төлемдердің бюджетке төленуге жататын сомалары да көрсетіледі (есептеу, төлеу және аудару жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі).
  • Тіркелген шегерім - декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде салықтық кезеңнің қорытындысы бойынша жүргізіледі.

 

Түркістан облысы бойынша МКД

                                                                                                                                                                                                    Түсіндіру жұмыс басқармасы