
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті 23 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күніне орай, 7-8 маусым аралығында облыс әкімі аппараты, облыстық басқармалар, аудандық және қалалық әкімдіктер мен аумақтық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында спорттың бірнеше (волейбол, шағын футбол, жүзу, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, бильярд, қазақ күресі) түрінен сайыстар өткізілді.
Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Спартакиада командалық 2 орын алып, дипломмен марапатталды.
Бильярдтан Түркістан қаласы бойынша МКБ басшы орынбасары Атемов Ермахан 1 орын;
Үстел теннисінен ұлдар арасында Қазығұрт к/б жетекші маманы Абенов Дамир 1 орын;
Тоғызқұмалақтан қыздар арасында Талдау және тәуекелдер басқармасының бас маманы Сапақызы Жанэтта 2 орын;
Қазақ күресінен 90 келіден жоғары салмақта Аудит басқармасының бас маманы Лесхан Мейірбек 2 орын.
Жеңіспен оралған әріптестерімізді Департамент атынан шын жүректен құттықтаймыз.