
Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, қазіргі уақытта egov.kz "электрондық үкімет" порталында келесі мемлекеттік қызметтер жүзеге асырылатының назарларыңызға хабарлайды:
- «Жолаушылар кедендік декларациясын қабылдау»,
- «Көлік құралына арналған кедендік декларацияны қабылдау».
Кедендік декларацияларды egov.kz порталда өз бетінше беруге болады ("Кеден және салықтар" бөлімі), ол үшін Мемлекеттік кірістер департаментінде "АСТАНА-1" АЖ сыртқы пайдаланушының қолжетімділігін алу қажет.