Жарияланған күні: 29.03.2018 17:38
Өзгертілген күні: 29.03.2018 17:39

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмыс басқармасының мамандары 2018 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілген жаңа ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіндегі (Салық кодексі) жаңашылдықтарды түсіндіру мақсатында, Оңтүстік Қазақстан облысының Қаржы басқармасының қызметкерлерімен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында, Департамент мамандары жаңа Салық кодексіндегі салық төлеушілерді тіркеу, тауарларды электронды саудамен айналысатын тұлғаларға арналған жеңілдіктер, айырбастау пунктері, арнаулы салық режимі, жеке табыс және әлеуметтік салықтар, алкоголь өнімін сақтау және көтерме, бөлшек саудада өткізу қызметімен айналысатын салық төлеушілерге қатысты жаңа енгізілімдер мен өзге де өзгерістерді түсіндірді.

Сонымен қатар, кездесуде салық есептілігін тапсыру, қазіргі таңда өзекті болған жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны (230.00 –нысан және 240.00-нысан) толтыру және тапсыру ережелері, көлік құралдары, мүлік және жер салықтарындағы өзгерістер туралы сұрақтар да талқыланды.

Осы және өзге де жаңашылдықтармен таныстыру соңында, кездесуге қатысушылармен жеке тұлғалармен тапсыруға тиісті декларацияда қандай табыстар көрсетілуге жататыны, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын есептеу барысында қолданылатын салықтық шегерімдер, яғни, медицинаға арналған, банкілерге төленетін сыйақылар бойынша шегерімдер, көлік құралдары, мүлік және жер салықтарын төлеу мерзімдері бағытындағы туындаған сұрақтарына Департамент мамандары нақты жауаптар берді.

 

 

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Шымкент қ., Б.Момышұлы, 27