
Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмыс басқармасының басшысы Аманбаева Жанат Абдукаримқызы мен Өндірістік емес төлемдер басқармасы Жеке тұлғаларға әкімшілендіру және жалпыға бірдей декларациялау бөлімінің басшысы Жаппарқұлов Загит 27.07.2022 жылы Түркістан облысы әкімдігінің Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшылары мен мамандары және Басқармаға қарасты мекеменін басылары ZOOM арқылы қатысты. Жалпыға бірдей декларациялау 270.00 нысанын толтыру және тапсыру мерзімі бойынша түсіндіру семинар жұмыстарын жүргізді.
«Кірістері мен мүлкі туралы декларацияны» ұсыну мерзім
Қағаз тасығышта-2022 жылғы 15 шілдеден кешіктірмей;
Электрондық түрде-2022 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей.
2021 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялау кезең-кезеңімен енгізілді, онда ағымдағы жылы декларациялауға жатады:
• жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары;
• мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары;
• мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары;
• «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген адамдар.