Жарияланған күні: 18.08.2023 18:16
Өзгертілген күні: 18.08.2023 18:22

Түркістан облысында 1,8 млн теңгенің алкоголь өнімі заңсыз саудадан тәркіленді

      Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне 2023 жылдың тамыз айында қоғам белсендісінен арыз түсті. Арызда Түркістан облысында бірнеше аудандандарда орналасқан сауда дүкендерінен сатып алынған тауарларына фискальды чек бермегендігі көрсетілген.

       Осыған орай бірнеше 6 аудандағы сауда орындарында бақылау-кассалық машиналарының (БКМ) және алкоголь өнімін сатуға тиісті құжаттары бар-жоғына көз жеткізу үшін тексеру тағайындалды.
        Нәтижесінде Шардара ауданында орналасқан, арызда көрсетілген сауда орындары тиісті құжаттарсыз яғни лицензиясыз құны 1,8 млн теңгенің 1 589 шөлмек алкоголь өнімдерін сатқаны анықталып, аталған іс бойынша материалдар сотқа жолданды.