
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Түркістан қаласы «06» маусым 2024 жыл
- КІРІСПЕ БӨЛІМ
«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу» және жұмысшы тобын құру туралы Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының 05.04.2024 жылғы №104 бұйрығын орындау үшін, Департаментте салықтық және кедендік әкімшілендіру бөлімшелерінің қызметіне қатысты ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер және нормативтік құқықтық актілер бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Талдамалық анықтама Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бейінді бөлімшелерімен келісе отырып, анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша жасалды.
Департамент басшысы – М.Нурахаев, жұмысшы тобының төрағасы – Е.Бекмурзин, мүшелері – Ж.Бексеитова (еңбек демалысында), Н.Абдрасилов, М.Альжанов, С.Ширинбекова, Б.Абдукаримов, Н.Акбаев (жұмыстан өз еркімен босатылған), С.Табылдиев, М.Көкенов, С.Маликов, Е.Шынәділ, М.Абдразаков (еңбекке уақытша жарамсыздық парағында).
- СИПАТТАМА БӨЛІГІ
- Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін айқындау.
Персоналды басқару мәселелері бойынша Департамент қызметінде тәуекелдерге ішкі талдау жүргізу кезеңінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қарастырылмаған.
- Мүдделер қақтығысын реттеу.
Мүдделер қақтығысын реттеу мәселелері бойынша Департамент қызметінде тәуекелдерге ішкі талдау жүргізу кезеңінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қарастырылмаған.
- Мемлекеттік қызметтер көрсету.
Салық төлеушілерге көрсетілетін әрбір мемлекеттік қызмет регламентінің мерзімі қатаң сақталады және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер электронды жүйеде жүргізіледі. Облыс бойынша салық және кеден салаларымен 01.04.2024 жылға барлығы 834 074 мемлекеттік қызметтер көрсетілді. Оның ішінде, электронды түрде көрсетілгені 834 015 қызмет немесе үлесі 99,9% құрайды.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 99,9%-ы электронды түрде болғандықтан Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Департамент қызметінде тәуекелдерге ішкі талдау жүргізу кезеңінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қарастырылмаған.
- Рұқсат беру функцияларын іске асыру.
Рұқсат беру функцияларын іске асыру мәселелері бойынша Департамент қызметінде тәуекелдерге ішкі талдау жүргізу кезеңінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қарастырылмаған.
- Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.
Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру мәселелері бойынша Департамент қызметінде тәуекелдерге ішкі талдау жүргізу кезеңінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қарастырылмаған.
- Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.
Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу мәселелері бойынша Департамент қызметінде тәуекелдерге ішкі талдау жүргізу кезеңінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қарастырылмаған.
- Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.
Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу мәселелері бойынша Департамент қызметінде тәуекелдерге ішкі талдау жүргізу кезеңінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қарастырылмаған.
- Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.
Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану мәселелері бойынша Департамент қызметінде тәуекелдерге ішкі талдау жүргізу кезеңінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қарастырылмаған.
- Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
9.1 Cыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің атауы: Бір тұлғаға артықшылық таныту.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы:
Банкроттық басқарушыны тағайындау. Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының 45-бап 6-тармағына сәйкес, уақытша басқарушыны және банкроттық басқарушыны таңдау құқығы Борышкердің немесе Кредитордың өз еркіне берілген. Аталған тағайындау жұмысын бұйрықпен бекіту Департамент құзырында.
Бұл ретте, Басқарушыны таңдау борышкердің немесе кредитордың өз қалауында болуы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыруы мүмкін.
Оны жою бойынша ұсынымдар: Басқарушылар тізімін түзу, тізімге сәйкес реттілікпен басқарушыларды тағайындауды Департамент құзырына беру және Департаменттің арнайы сайтында жариялау жұмыстарын жүргізу.
9.2 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің атауы: Салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру және өкімінің күшін жою.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы:
Бірыңғай деректер қоймасында (РВУ) камералдық бақылау нәтижесінде анықталған құқық бұзушылық бойынша орындалмаған хабарламаларға Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексінің 118 бабы 1-тармағы 7-тармақшасына сәйкес, салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру және ҚР Салық кодексінің 118 бабы 5-тармағына сәйкес, салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшін жою.
Оны жою бойынша ұсынымдар: Салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру және оның өкімінің күшін жоюды автоматтандыру қажет.
Қосымша: Тәуекел картасы.
Түркістан облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
басшысы М. Нурахаев
Жұмысшы тобының төрағасы Е. Бекмурзин
Жұмысшы тобының мүшелері:
1. |
М. Альжанов |
2. |
С. Табылдиев |
3. |
М. Көкенов |
4. |
С. Маликов |
5. |
Е. Шынәділ |