Кеше Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қызметтік тергеу бөлімінің қызметкері Ж.Байғұттың қатысуымен "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Іс-қимыл жоспарындағы" әртүрлі нысаналы топтардың барлығымен жоғары деңгейде, семинар-кездесу өтті. Аталған жиынға Төлеби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы С.Ердыкаликов және ақпараттық қолдау мақсатта “Ленгір жаршысы” газетінің бас редакторы Г.Омарханова қатысты.
Түркістан облысы бойынша МКД
Баспасөз қызметі