Жарияланған күні: 16.08.2023 10:26
Өзгертілген күні: 16.08.2023 10:28

Салық және кеден мәселелерін түсіндіру бойынша жедел көмек көрсету үшін МКК Чат-ботты іске асырды.

SalyqBot көмегімен Сізде:
- салық берешегінің бар немесе жоқ екендігі туралы мәліметтерді лезде білуге;
- көлік құралдарына салынатын салықты дербес есептеуге;
- салықтарды уақытылы төлемегені үшін өсімпұл сомасын есептеуге;
- өзекті анықтамалық ақпаратты білу, салық күнтізбесін пайдалануға;
- салық және кеден заңнамалары бойынша пайдалы ақпарат алуға; - тіркелу арқылы есептілікті берудің, салық төлеудің алдағы мерзімдері туралы еске салатын push-хабарламаларды, сондай-ақ пайдалы жаңалықтар мен хабарламаларды алуға;
- банк шоттарын бұғаттан шығару, жеке тұлғалардың банкроттығы, жеке тұлғалардың көлігіне, жеріне және мүлкіне салық төлеу мәселелері бойынша жедел көмек алуға;
- егер сіз заңды тұлға болсаңыз, төленген сомалар туралы мәліметтер алуға мүмкіндігіңіз бар.

Чат-ботқа тіркелу үшін сілтеме бойынша өтіңіз:
https://t.me/SalyqBot?start=help_decl