
Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұйымдастыруымен 01.02.2023 жылдан бастап Салық төлеушіге көмек көрсету акциясы басталды, бұл акция жыл соңына дейін жалғасады. Акцияның мақсаты тексеру емес, халықты ақпараттандыру мен салықтық сауаттылығын ұлғайту және көлеңкелі экономиканы болдырмау бағытында халықпен тығыз байланыста бірлесіп жұмыс атқару.
Түркістан облысына қарасты Мемлекеттік кірістер басқармаларының қызметкерлері облыс кәсіпкерлеріне бақылау кассалық машинасын қолдану және чек шығару бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аталған іс-шара барысында БКМ техникалық талаптарына сәйкес БКМ басуға және индикациялауға шығарылатын ақпарат, клавиатурадағы белгілер және ақпаратты тіркеу Мемлекеттік немесе орыс тілдерінде болуы тиіс екендігі түсіндірілуде.